№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АНТИБИОТИКТІ ДҰРЫС ҚАБЫЛДАУ ЖОЛДАРЫ

АНТИБИОТИКТІ ДҰРЫС ҚАБЫЛДАУ ЖОЛДАРЫ



Ұлттық үйлестіруші орталығы микробқа қарсы тұрақтылық мәселесі туралы Дүниежүзілік хабардарлықты арттыру мақсатында микроорганизмдердің дәрі-дәрмектерге төзімділігі мәселесіне және осы құралдарды ұтымды қолданудың маңыздылығына назар аудару үшін төмендегі антибиотиктерді дұрыс қабылдау жолдарын жолдаймын.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!   Антибиотиктерге төзгіштік – жаһандық мәселе әрі әлем бойынша өлімге душар ететін  үш себептің бірі;
  1. Антибиотикті қолданудың қарапайым ережелерін сақтаңыз
  2. Антибиотик – адам ағзасындағы бактерияларды өлтіріп, олардың таралуын тежейтін дәрмек
  3. Антибиотикті жөнсіз қолданудың салдарынан  емделмейтін супербактериялар пайда болады
АНТИБИОТИК  ВИРУСТАРҒА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ!
Ауыр бактериялық ауру
жұқтырғанда немесе созылмалы
түрлер асқынғанда.
Есіңізде болсын:
антибиотикті тек қана дәрігер
тағайындап, күшін жояды
АНТИБИОТИК  ҚАЙ КЕЗДЕҚАЖЕТ ЕМЕС?
Кәдімгі ЖРВИ, ЖРА (вирустан болатын) кезінде – жөтелгенде, мұрын бітелгенде, дене қызуы көтерілгенде, асқынулар болмаса, антибиотик қабылдаудың қажеті жоқ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер дене қызуы 3 күннен аса көтеріліп, дәрімен түсіру мүмкін болмаса, дереудәрігерге барып, қосымша тексерістен өту керек
Инфекцияны анықтаудың ең оңай  жолы – жалпы қан анализі.  Сондай-ақ, дәрігер тамақтан немесе мұрын қуысынан жұғынды алғызып, арнайы тексеріске жіберуі  мүмкін.
АНТИБИОТИК  ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
БОЛАДЫ:
Бактериалды инфекция немесе
созылмалы аурулардың асқынуы
кезінде дәрігердің тағайындауынан
кейін антибиотик қабылдауға,
Дәрігер жазып берген мөлшерде
ғана антибиотик қабылдауға. Әдетте
емдеу курсы 5–7 күн, кейде 10–14
күнге созылады.
Антибиотик қабылдаған 3 күннен
соң да жағдай оңалмаса, емдеу
тактикасын өзгертуге (мұны тек
дәрігер жасайды),  Антибиотик мөлшерін міндетті түрде жас шамасына қарай таңдауға
Антибиотикті бірдей уақыт
аралығында қабылдауға, Дәрі-дәрмекті тамақтануға байланысты дұрыс қабылдау бойынша нұсқауларды қатаң сақтауға кез келген дәріні таза, газдалмаған сумен ішуге болады
БОЛМАЙДЫ
Өз бетіңізше балаңызғанемесе
өзіңізге антибиотик тағайындамаңыз
Оңала бастағандаемдеу курсын
үзбеңіз. Жағдай жақсармаса антибиотикті  өз бетіңізше ауыстырмаңыз. Антибиотик дозасын жағдай  нашарлағанда арттырып, жақсарғанда кемітуге болмайды. Антибиотикті қабылдау уақыты мен дозасын өзгертпеңіз
Антибиотикті ашқарынға
Қабылдамаңыз. Антибиотикті сүтпен немесе ашыған сүт өнімдерімен, шаймен, кофемен, шырындармен ішпеген абзал.
ЕҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕ – АНТИБИОТИКТІ БАСҚА АМАЛЫ ҚАЛМАҒАН
КЕЗДЕ ҒАНА ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Р.Ахметова,
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы
18 қараша 2024 ж. 161 0