№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС


Жыл басынан бері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 323-ке жуық азаматтың өтінішін қарап, жоспардан тыс 20 тексеру жүргізген. Ал, “Сапалы өнім” әлеуметтік жобасы аясында азық-түлік қауіпсіздігінің сапасын анықтау мақсатында шетелдік өндірушілерден 47-ге жуық өнім түрлерін сатып алып, азық-түлік өнімдерін сынау зертханасына сараптамаға жіберілген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимырзаев айтты.
- Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі - халыққа кеңес беріп, ақпараттандыру, сондай-ақ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып есептеледі. Жыл басынан бері департаментпен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 30, ал сауда саласында 129 әкімшілік жаза қолданылған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бұзушылық 10 күндік күнтізбелік мерзімде тұтынушының шағымына жауап бермеу және тауарды 14 күн ішінде ауыстыру болып табылса, сауда саласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін заңмен белгіленген сауда үстемесін бұзу бағытында болып отыр. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына өтініш түскен кезде мәселені жедел шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Есепті мерзімде тиімсіз делдал түріндегі және жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты сауда заңнамасын бұзу бойынша 129 бұзушылық анықталып, жойылды. Ұсынылған материалдардың қорытындысы бойынша сауда заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қабылданып, тұтынушылар үшін өнімнің түпкілікті құны арзандауда,- деді Нұрлыбек Шонжарұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
31 қазан 2024 ж. 62 0