№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Елімізде интернет арқылы сатылатын тауарлар тексеріліп, лизенциясы болмаса оның саудасына тыйым салынады

Елімізде интернет арқылы сатылатын тауарлар тексеріліп, лизенциясы болмаса оның саудасына тыйым салынады


Елімізде интернет арқылы сатылатын кейбір тауарларда лизенциясы болмаса оның саудасына тыйым салынады. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. 

Деректерге сүйенсек интернет арқылы зат сатып, табыс тапқысе келетіндер міндетті түрде тұтынушыға тауардың заңды екенін дәлелдейтін құжатты ұсынуы керек. Әйтпесе, 110 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Онлайн платформаларда суық қару яғни, мылтық, пышақ, оқ-дәрі, газ баллон сияқты заттарды сатуға тыйым салынған. Сондай-ақ, лизенциясы жоқ тауарларды жарнамалап, саудалауға болмайды. Бұл тізімге дәрі-дәрмек, ойыншық және үйге қажетті техникалық жабдықтар кіреді. Бұдан бөлек, диплом, курс сертификаттары мен мемлекеттік наградаларға да рұқсат жоқ. 
“Осы заңға қайшы заттарды сатып, кәсіпкерлікпен айналысатын болса, заңсыз кәсіпкерлікті жүргізгені үшін Әкімшілік кодекстің 153 бабына сәйкес, Заңсыз кәсіпкерлікті жүргізу болып табылады. Соған байланысты, мысалы, жеке кәсіпкердің табысы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен асып кететін болса, онда 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін”, – деді заңгер Альбина Бақтиярқызы. 
Мамандар арнайы платформаларда тауарды жіті тексеруге кеңес береді. 
Заңгер рұқсат етілмеген, құжаты жоқ тауарды сатып алғаныңыз үшін де жазаға тартылуыңыз ықтимал екенін айтты. Сондықтан, тауарды аларда мұқият тексеріп, ұрланбағанына, заңды екеніне көз жеткізіңіз. 
30 қазан 2024 ж. 111 0