Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биыл квота саны артты

Биыл квота саны артты


2024 жылы Қазақстан үкіметі қандастарды қабылдау үшін 2433 квота, солтүстік облыстарға қоныс аударатындар үшін 7050 квота бөледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Власть" сайты хабарлады. Биылғы бөлінетін квота 2023 жылмен салыстырғанда 554 квотаға көп.
Ал қоныс аударғандар мен қандастарға жұмыс ұсынған жұмыс берушілерге 400 АЕК (1,4 млн теңге) субсидия беріледі. Ресми дерек бойынша, 1991 жылдан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанға шетелден 1 млн 128 мың қазақ оралған. Мемлекет қандастар мен солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 мың теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек билік оларды қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызуы, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс.

Түйін. Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар? Көш басын оңтүстіктен солтүстікке бұру елдік, мемлекеттілік үшін қажет. Сондықтан аттың басын солтүстікке бұрған азаматтарды қолдау пәрменді жалғаса беретіні анық.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
13 ақпан 2024 ж. 252 0