№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдауда көлік-логистика саласын дамытуға басымдық берді

Жолдауда көлік-логистика саласын дамытуға басымдық берді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің жалпы ішкі өнімнің 30%-дан астамын (көлік, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі) дамытуға жауапты. Сондықтан, жауапкершіліктің кең ауқымы Министрлікке тек бір салаға назар аударуға мүмкіндік бермей, көп жағдайда көлікке қатысты мәселелер шешілмей қалып немесе ұзақ уақытқа кейінге қалдырылып келді.
Осыған орай, Мемлекет басшысы мемлекетімізде көлік-логистика саласын дамыту өте маңызы зор стратегиялық міндет болып табылатынын атап, көлік министрлігін қайта құруды тапсырды.
Жыл сайын ауданымызда кемінде 20 км жолдарды жөндеуге 1 млрд-қа жуық қаржы қаралуда. Жол экономиканың күретамыры екенін ескерсек, оның сапасын қадағалау, ұзақ мерзімді қызмет етуін қамтамасыз ету басты міндет. Сондықтан2021 жылдан бастап «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның қызмет ауқымы кеңейтіліп, «Автомобиль жолдары туралы» Заңмен қорғалды.2023 жылдан бастап елді мекен көшелерін орташа жөндеу жұмыстары үшін ведомстволық сараптамадан өткізу міндеттелді. Бұл дегеніміз Жолдауда аталған автомобиль жолдарының сапасын арттыруға, Көлік министрлігін құруға жасалған алғашқы қадам.
Біздің ауданымыз да бұл қадамды құптап, 2021 жылдан бері «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп жұмыстар атқарып келеді. Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 38 көшенің жөндеу жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында Жол активтерінің  сапасы Ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалымен 31 925,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан әкімі Мұрат Жолдкелдіұлының бастамасымен Жаңақорған кентінің 19,4 км құрайтын 9 көшесін күрделі жөндеуге 1 803 244,7 мың теңгеге Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Оның ішінде А.Иманов-Ы.Алтынсарин, О.Ильясов және М.Жаппаров  көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары (531 963,1 мың тг) «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2024 қаржыландыру жоспарына енгізілді.
Қазіргі уақытта 2 жолды және елді мекендердің 28 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірленуде.
Жаңақорған ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 451 шақырымды құрайды. Оның 101 шақырымы республикалық, 157,9 шақырымы облыстық, 192,1 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары санатында. Сонымен қатар, 26 кент және ауылдық округтің 519 көшесі 590 шақырымды құрайды.
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 2022 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95,3%-дан, 96,1 %-ға жетті. Елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 43,9%-дан 2022 жылы 49,6%-ға жоғарылады. 2023 жылғы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша орындалса 56,1%-ға жететін боламыз.

Қайрат Сапарбаев,
Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы


04 қыркүйек 2023 ж. 183 0