№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өңірімізде жылыжайдың жайы қысқарды

Өңірімізде жылыжайдың жайы қысқарды



Жақын арада инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Премьер-Министрдің орынбасары - cауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен. Саланың негізгі көрсеткіштері туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин баяндады. Оның айтуынша, Қазақстандағы жылыжай көлемі өткен жылдың қорытындысына сәйкес 232,3 гектарға қысқарып, 1,2 мың гектарды құрады. Сондай-ақ жылыжай аумағының қысқаруы өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуына және бизнестің төмен рентабельділігіне байланысты. Бүгінде жылыжайлардың негізгі бөлігі Түркістан облысында - 824,2 га, Алматы облысында - 79 га, Қарағанды облысында - 43 га, Шымкентте - 139,2 га көлемінде шоғырланған. Қазақстанның басқа аймақтарында да жылыжайдың салыстырмалы түрде шағын алаңдары бар. Вице-министр АШМ маусымаралық кезеңде электр энергиясы, газ, көмір шығындарын субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол үшін 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енген фермерлік жылыжайларға арналған ұлттық стандарт (ҚР СТ 3834-2023) бекітілді. Жиынға бейнеконференция арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері де қатысты. Түркістан облысындағы "Агротур" шаруа қожалығының басшысы Тұрсын Тасходжаевтың айтуынша, жалпы жылыжай мәселесі шешіле бастаған. Сең қозғалды, жылыжай шаруашылықтары үшін стандарттар құру мәселесі жабылды. Көмір бойынша айтар болсақ, біз "Шұбаркөл Көмір" АҚ-мен отын жеткізу туралы шарт жасасу үшін кооператив құрдық.
Біз өзіміз шамамен 30-35 мың тонна сатып алдық, одан көп алуға қорқамыз, өйткені егер көп мөлшерде сақтасақ, ол жанып кетуі мүмкін. Аптап ыстық басылғанда шаруалар жанармай сатып ала бастайды. Егер субсидия болса, онда жылыжай шаруашылықтары белсенді өсім көрсете бастайды, шаруалар нәтижеге жұмыс істей бастайды", - деді Тұрсын Тасходжаев. Жақын арада инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ереженің жобасын қыркүйек айының соңына дейін бекіту жоспарланған. Бұдан басқа, жабық топырақта өсірілген көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту мақсатында тыңайтқыштар (органикалық дақылдарды қоспағанда), пестицидтер, биоагенттер мен биопрепараттардың құнын субсидиялау, суармалы су, қияр және қызанақ тұқымдарын беру арқылы мемлекеттік қолдау жалғасады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан "Агробизнес" әмбебап несиелеу бағдарламасы шеңберінде жылыжай құрылысына несие беру жүзеге асырылады, бұл ретте субсидиялау есебінен мөлшерлеме 6% - ға дейін төмендейді.
08 қаңтар 2024 ж. 321 0