№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пойыз билеттерін сату мерзіміне өзгеріс енгізілді

Пойыз билеттерін сату мерзіміне өзгеріс енгізілді



Маусымның 27-нен бастап Теміржол көлігіне арналған жол жүру билеттерін сату ережесіне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2003 жылғы маусым айының 9-ы күні шыққан бұйрығына сәйкес теміржол көлігі билеттерін сату мерзіміне аздап өзгеріс енген.
Ведомство бұйрығында жолаушылар және қала маңына қатынайтын пойыздарға билеттер сату мерзімі өзгертілген. Мәселен, жолаушылар пойыздары үшін теміржол билеттері сатылу режиміне немесе бос орындардың болуына қарай жолаушылар пойызын құрастыру немесе айналым пункттерінен, аралық станциядан пойыз жөнелтуге дейін кемінде 45 тәуліктен 1 тәулікке дейін уақыт аралығында сатылады. Әрине, бұрын да билет сату мерзімі 45 тәулік бұрын басталып, пойыз жөнелтілгенге дейін сатыла беретін. Ал қала маңына қатынайтын пойыздарға билеттер 10 тәулік пен 1 тәулік аралығында сатылады. Бұрын бұл қатынастағы пойыздарға билеттер сатылымы 10 тәулік бұрын басталып, пойыз жөнелтілгенге дейін жүзеге асырылатын. Ендеше, сапарыңызды күнібұрын жоспарлап, билетті де алдын ала сатып алғаныңыз тиімді болмақ.  
Пойызды ауыстырып отыруға және ертерек кететін пойызға билетті қайта ресімдеуге арналған билеттер сатылымы жолаушының межелеген станциясына жету және бос орын болған жағдайда осы станциядан жөнелтілуі арасындағы 1 сағаттан кем емес уақытты есепке ала отырып жүзеге асырылмақ. Егербилет интернет-ресурстар, электрондық терминалдар және фискалдандырылған билет сату кешендері арқылы ресімделсе, онда жол жүру құжатының сериясы және нөмірі көрсетілмек. Сонымен қатар қазір мұндай билетке қауіпсіздік кодын қою талабы жойылған.  
07 шілде 2023 ж. 118 0