№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот мәслихат депутаттығына кандидаттың құқығын қорғады

Сот мәслихат депутаттығына кандидаттың құқығын қорғады



Жаңақорған аудандық cотында  талап қоюшы Ж-ның жауапкер Жаңақорған аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп танып, күшін жою жайлы әкімшілік ісі қаралды.
Істің сотта анықталған мән-жайларына қарағанда, сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 ақпандағы хаттамалық шешімімен Ж. №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеген.
Алайда аталған шешімін сайлау комиссиясы 2023 жылғы 28 ақпанда жойған. Оған негіздеме ретінде кандидат Ж-ның декларациялаған мәліметтерінің дұрыс еместігі анықталғандығы туралы Кірістер басқармасының хатын көрсеткен.
Аталған хатта Кірістер басқармасы кандидат ретінде тіркелген Ж-нің зайыбы И-дың 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімге табыс еткен Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын тексеру барысында салық есептілігінде қаржы құралдарын, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қаржы құралдарының үлесі мөлшеріндегі құралдар санын көрсетпегені анықталғанын хабарлаған.
ӘРПК-нің 129-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілгендей, дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығын  ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтеруі тиіс.
Алайда жауапкер өзі қабылдаған 2023 жылғы 28 ақпандағы хаттамалық шешімнің  заңдылығын дәлелдей алмаған.
Жауапкердің пікірінше, И-ның Декларацияның туынды қаржы құралдары (ТҚҚ), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі бағалы қағаздар, цифрлық активтер туралы 07 жолын толтыруы және сәйкесінше 250.04 нысандағы 4- қосымшасын жасауы тиіс болған.
         Алайда И-ның туынды қаржы құралдары, бағалы қағаздары, цифрлық активтері бары анықталмаған.
         Сондықтан талап қоюшы Ж. мен оның зайыбы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі жөніндегі уәждер расталмаған.
 Осы негізде Жаңақорған аудандық сотының шешіммен талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, сайлау комиссиясының хаттамалық шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Аталған шешім жауапкердің апелляциялық шағымы және прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде апелляциялық тәртіпте қаралып, кандидат ретінде тіркеу жайлы шешімнің күшін жойған, комиссия шешімінің заңсыздығын анықтаған сот шешімін заңды және негізді деп таныды.

                                                                                                   Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
30 наурыз 2023 ж. 237 0