№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бастау бизнес: Жаңа бизнес идея үшін грант алу қағидалары

Бастау бизнес: Жаңа бизнес идея үшін грант алу қағидалары



Грант мөлшері 400 АЕК-ке (1 380 000 теңге) тең. Әр қатысушы мұндай грантты бір рет қана ала алады.
Айта кетейік, грантқа қатысты кез келген сұрақ бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.
Гранттар мынадай мақсаттарға: қажетті жабдық (инвентарь), еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, төрт түлік, құс, ағаш көшеті, бұталы өсімдіктер, тұқым, көшет сатып алу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қажет орынжайды жалға алуға беріледі.
Гранттар несие төлеу, тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу және салу, жер учаскелерін сатып алу, акциздік өнімдерді өндіру сынды тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.  
Өтінім беру үшін:
- порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестікті тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алу, оны толтырып, порталға қайта жүктеу;
- өтінім формасын толтырып, ЭЦҚ арқылы  қол қою керек.
«Бастау Бизнес» оқуына жазылу үшін business.enbek.kz порталында тіркеліп, оқу шарттарына сәйкестікті автомат тексеруден және оқу шарттарына сәйкестіктен өтуі керек. Шарттарға сәйкес келген қатысушы skills.enbek.kz  порталына өтіп, оқуға кірісе алады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер: 
- жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үмыткер мына санаттардың біріне жатуы тиіс: 
- мүгедектігі бар азаматтар;
- «қандас» мәртебесі баразаматтар;
- өңіраралық қоныс аударушылар;
- аз қамтылған отбасы мүшесі;
- көпбалалы отбасы мүшесі (әйелі/күйеуі);
- мүгедектігі бар бала асырап отырған азаматтар (әйелі/күйеуі);
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығанын растайтын сертификаты болуы керек. Сертификаттың мерзімі 3 жылдан аспауы керек.
Грант алуға өтінім қабылдау кестесі
1-лек
20.02.2023 - 03.03.2023
2-лек
15.05.2023 - 26.05.2023
3-лек
10.07.2023 - 21.07.2023
4-лек
04.09.2023 - 15.09.2023
Контактные номера центров занятости по городу Кызылорда и районам:
- Қызылорда қаласы 8 /7242/ 71-08-90;
- Арал ауданы 8 /72433/ 2-45-88;
- Қазалы ауданы 8 /72438/ 2-19-75;
- Қармақшы ауданы 8 /72437/ 2-28-94;
- Жалағаш ауданы 8 /72431/ 3-10-03;
- Сырдария ауданы 8 /72436/ 2-25-84;
- Шиелі ауданы 8 /72432/ 4-32-36; 
- Жаңақорған ауданы 8 /72435/ 2-39-06.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі: 8 /7242/ 40-09-81, 40-02-02.
20 ақпан 2023 ж. 220 0