№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Кредитті мерзімінен бұрын "жапқанда" нені ескеру керек

Кредитті мерзімінен бұрын "жапқанда" нені ескеру керек


Ел тұрғындарының банк алдындағы қарызы 5 триллион теңгеден асады. Кейінгі 1 жылда тұтынушылық несиенің көлемі 18 пайызға өскен. Сарапшылар мұны инфляцияның өсуі және тауардың қымбаттауымен байланыстырады. Жалпы банктен алған қарызды мерзімінен бұрын қайтарып, несиені толық жабуға бола ма? Ондай жағдайда үстеме ақы қалай есептеледі?

Бұл сауалға тәуелсіз сарапшы Нұржан Биякаев жауап берді деп хабарлайды Хабар 24. "Бір де бір банк қарызды мерзімінен бұрын қайтаруға өздігімен шектеу қоя алмайды. Елде несиені толық жабу жүйесін реттейтін арнайы заң бар. Заңның 34-бабының 7-тармағында егер қарыз алушы қаржыны кәсіп ашу мақсатында алмаса, 14 тәуліктен кейін толық қайтаруға құқылы екені айтылған. Сәйкесінше үстеме ақы тек сол күндер үшін ғана есептелуі тиіс", - деді банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы.
20 қыркүйек 2021 ж. 468 0