Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

Хаттарды бір аптадан кейін автоматты түрде өшіретін жаңа функция қолданушыларға бір айдың ішінде қолжетімді болады
WhatsApp мессенджерінде жеті күннен кейін жоғалатын хаттар режимі іске қосылады, деп жазады sputnik.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".


"Біз WhatsApp-тағы чаттар барынша жанды қарым-қатынасқа ұқсағанын қалаймыз. Яғни, кейбір хаттарды мәңгіге сақтаудың еш қажеті жоқ. Осыған байланысты біз мессенджерде "жоғалатын хаттар" режимін іске қосамыз", - делінген компанияның блогында.
Режим қосылып тұрған кезде, чатқа жолданатын жаңа хабарламалар жеті күннен кейін автоматты түрде жойылады. Мессенджерде хат алмасып отырған екі адамның бірі бұл режимді қосып немесе өшіре алады. Ал топтық чаттарда жойылатын хаттар опциясын админ іске қосады.
Компанияның мәліметінше, хаттарды бір аптадан кейін автоматты түрде өшіретін жаңа функция қолданушыларға бір айдың ішінде қолжетімді болады.
06 қараша 2020 ж. 411 0