Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды


Танымал тележүргізуші, қазірде "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды. Бұл туралы
Tengrinews.kz тілшісіне "Қарекет" бағдарламасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы растады, деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz.

"Ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді", - дейді Ақжелең Рахатдинқызы.
Тележүргізуші сырқаттанып жүргенін Instagram-парақшасындағы соңғы жазбасында мәлімдеген еді.
"Халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым", - деп жазған еді Бейсен Құранбек.
Еске салайық, былтыр желтоқсанның аяғында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бейсен Құранбек ауыр дертке шалдықты деген хабар тараған еді.
Ал былтыр ақпанда тележүргізуші асқазан жарасы шығып, дәрігерлердің оны екінші рет аман алып қалғанын Instagram желісінде жазған болатын.
18 мамыр 2020 ж. 1 343 0