№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда қаласы аумағында кәсіпкерлер қалай жүріп-тұра алады?

Қызылорда қаласы аумағында кәсіпкерлер қалай жүріп-тұра алады?


Қызылорда облысында COVID-2019 вирусы анықталған азаматтар қатарының артуы аймақ көлемінде шектеу шараларын қатаң енгізуге мәжбүрлеуде.
Осы орайда, Қызылорда қаласы ішінде, сондай-ақ қала аумағынан тыс кәсіпкерлердің жүріп-тұру талаптарын түсіндіріп өтпекпіз.
Карантин жағдайында қала ішінде тек қана азық-түлік тауарларын, дәрілік, медициналық заттарды және жанар-жағар майды тасымалдаушы кәсіпкерлер ғана жүріп-тұра алады.
Аталмыш кәсіпкерлер «Сергек» базасына енгізіліп, посттарда Ішкі істер саласының мамандары осы база арқылы бар-жоғын тексеру арқылы өткізетін болады. Тек осы саладағы кәсіпкерлерді «Сергекке» тіркеу жұмыстарын Кәсіпкерлер палатасы өз жауапкершілігіне алды.
Кәсіпкерлер базаға тіркелуі үшін арнайы әзірленген өтініш формасын (қосымша арқылы ұсынылады) өздерінің фирмалық бланкілерінде толтырып, мөрлерін басуы қажет.
Толтырылған құжаттарды:
- Қызылорда қаласының ішінде жүретін кәсіпкерлер (тек қана азық-түлік тауарларын, дәрілік, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарларды тасымалдаушы кәсіпкерлер) kzo.gorod@gmail.com электронды поштасына;
- Қызылорда қаласындағы блок-посттардан (қала сыртына шығу, кіру) өтетін кәсіпкерлер kzo.propusk@gmail.com поштасына жолдауы қажет.
Сауалдар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасына мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыздар:
8 775 119 66 57
8 777 451 45 49
8 777 452 44 43
Ақпарат жинақтап беруші қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жауапты мамандары:
8 701 817 37 07
8 777 524 01 01
8 777 334 09 27
8 777 153 12 66
Өзге төменде көрсетілген саладағы кәсіпкерлер базаға тіркету үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады.
- облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласына қатысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 60-54-41, Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлері қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне 8 700 233 13 62;
- мұнай саласына қатысты облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына 60-54-07;
- көлік және байланыс саласына қатысты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 60-54-75;
-  құрылыс саласына қатысты облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына 60-53-51;
- күзет агенттіктеріне қатысты Жол полициясы басқармасына 8 700 233 18 26.   

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
10 сәуір 2020 ж. 708 0