№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақүйіктік ағайын мешіт ұстазына көлік пен ат мінгізді

Ақүйіктік ағайын мешіт ұстазына көлік пен ат мінгізді


Бұл жөнінде ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі маманы Арай Исматова: «Шыны керек, Жастар жылы аясында мешіт ұстазы Нұрлан Еркінұлының атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Мәселен, соның бірқатарын атап өтсек. Бұған дейін ол «Әдепті бала өсірсең – ауылдың абыройы» атты мәдени-рухани шара, «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» атты жұма сайын тегін нан тарату, «Әдемі, әуезді азаншы» азаншылар сайысын өткізді. Сондай-ақ жаз маусымында мешіт шәкірттерін тарихи орындарға апарып, саяхат жасады. Мұның бәрі Нұрланның ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді», – дейді.

Оған қоса, мешіт ұстазы ағайынның басын қосып, биыл «Ібін ата» мешітін күрделі жөндеуден өтуіне үлесін қосты. Бүгінде құтхананың ішкі мүмкіндігі кісіқызығарлық заманауи үлгіде әрленген. Жаңақорғаннан келіп, осылай елге дін жолында қызмет етіп жатқан Нұрлан Еркінұлының еңбегін елеген кәсіпкер Бақыт Берділлаев ағаымыз көлік мінгізсе, Қаппаровтар отбасы сәйгүлікті сыйға тартты. Бұлда болса, дін қызметкеріне деген құрметі болса керек-ті.
Өз кезегінде Нұрлан Еркінұлы бізбен әңгімесінде: – «Аллаға шүкір! Қазір мешітте ауыл жасөспірімдері  дәріс алуда. Барлығының ынталары жақсы. Мұнда Қасиетті Құран-кәрімді түпнұсқасынан оқуға мүмкіндік жасаймыз. Яғни, Құран әліппесін ежіктеп бастап, уақыт өте емін-еркін оқитын деңгейге жетеді. Өздеріңізде білесіздер Құранның алғашқы аяты «Оқы» деп түскен. Бұл бұйрық тек Құранды ғана емес, әлемді оқу, адамды оқу, әлемнің жаратылыс сырларын оқып, ғаламды зерттеп-зерделей білу деген сөз. Оған қоса, үлкенге ізет-кішіге құрмет, ата-анаға қамқорлық, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптарында имани әңгімелер өрбітеміз.  – дейді мешіт ұстазы.  
                                                                             Әбдісамат ӘБДІШ
21 қазан 2019 ж. 920 0