Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "Милан" мен Месси кезекті рекорд орнатты

"Милан" мен Месси кезекті рекорд орнатты

А сериясының 12-турында "Дженоа" өз алаңында "Миланды" қабылдады. Кездесу Генуядағы "Луиджи Феррарис" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Opta Paolo статистикалық порталы хабарлағандай, "Милан" Италия чемпионатында әр матчта кем дегенде екі гол соғу бойынша рекорд орнатты. Стефано Пиолидің шәкірттері соңғы 14 кездесудің әрқайсысында кем дегенде екі голдан соқты. Алдыңғы рекорд 1948 жылы қатарынан 13 ойында екі голдан соққан "Ториноға" тиесілі еді.
"Дженоа" 7 ұпай жинап, А сериясының турнир кестесінде 18-орынға көтерілді.
Ал, Месси жеке рекордт орнатты. Ла Лиганың 19-турында "Барселона" өз алаңында "Реал Сосьедадты" қабылдады. Кездесу Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бұл кездесуде "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси "Камп Ноудағы" 300-ші жеңісін тойлап, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sport.es. Оның Испания чемпионатында 211, Чемпиондар лигасында 53, Испания кубогында 30 және ел суперкубогында 6 жеңісі бар. Ол Камп Ноуда 380 гол соқты. Ал осы маусымда 12 матч өткізіп, 5 гол соқты.
17 желтоқсан 2020 ж. 506 0