Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Балуандар бабында: қос алтын, бір күміс

Балуандар бабында: қос алтын, бір күміс

Алматы төрінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты пандемияға байланысты жабық форматта өтіп жатыр. Чемпионатқа жаңақорғандық 4 балуан Сыр елінің намысын қорғауда. Күні кеше Дәулет Ниязбеков 8-дүркін Қазақстанның чемпионы атанды. Енді Дәулеттен Олимпиада алтынын күтеміз.
Жаңа ғана марқұм Қайрат аға Оралбековтың шәкірті Қанат Мұсабеков 70 келі салмақта ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қарсыласы Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының жүлдегеріне жол берді. 79 келіде Ғалымжан Өсербаев алматылық қарсыласын 11:0 есебімен жеңіп, чемпионат жеңімпазы атанды.
Ал Азамат Шағапұлы ширек финалда сүрінді.
Жеңіс құтты болсын Сыр елі, жаңақорғандық балуандар бабында екенін көрсетті. Сүйіншілейтін күндер көп болсын.



22 қараша 2020 ж. 799 0