№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақпаратты сенімді ақпарат көзінен алу маңызды

Ақпаратты сенімді ақпарат көзінен алу маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде қазақстандықтарды коронавирустан келетін қауіпті зерделеп, жағдайға "қарапайым тұмау" ретінде бей-жай қарамауға шақырып: "Бұған қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір. Бұл өте қауіпті әрі жауыз ауру. Әлемде бұл ауруды жұқтырғандар саны 12 миллионға жетті. Қайтыс болғандардың саны артып барады", – деді.
Қазір ақпарат ғасыры болғандықтан ақпарат легі жылдам тарауда. Әсіресе фейк ақпараттар қоғамда теріс пікір қалыптастырып жатыр. Осындай кезде халық бойындағы үреуді женуде сенімсіз ақпараттарды таратпау маңызды.
– Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады, – деген Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде желдей ескен жалған ақпараттарға шектеу қоюды тапсырды.
Қадірлі жерлестер, сенімді ақпарат көздерінен жаңалық күтіңіздер! Жаңақорған ауданы әкімдігінің, ішкі саясат бөлімінің фейсбуктегі аккаутынан және "Жаңақорған тынысы" газетінің сайтынан (https://zhanaqorgan-tynysy.kz/) шынайы, сенімді ақпараттарды оқи аласыздар. Сондай-ақ Жаңақорған ауданындағы жаңалықтар туралы сапалы ақпараттық контент қалыптастырып отырған Әбілхайыр Сыздықов, Нұрбол Бакиров, Нұрлат Байгенже, Әбдісамат Әбдіш, Али Жарықбаев және т.б ақпараты сенімді екенін айтқым келеді.
Айтқым келгені, ақпаратты сенімді сервизден алу маңызды...


Әбілғазы ТӨЛЕГЕНОВ,
Жаңақорған аудандық ішкі
саясат бөілімінің басшысы


09 шілде 2020 ж. 519 0