Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

ХИРУРГ

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑиÑÑÑгСембек әкенің аузынан тастамай, жиі айтатын оқиғасы құлаққа жатталып қалғаны соншалық, Нұрлыбек есейген соң да естігенін жадынан шығара қоймады. Оқта-текте ойға оралғанда сол кісіні бір көрсем деген ниет туындап қояды. Бірақ хирург оны ұмытқан шығар. Арада қанша жыл өтіп кетті ғой...
...Бұл 1988 жыл болатын. Мектептің үшінші сыныбында оқитын Нұрлыбек қас пен көздің арасында бұратылып, жыландай жиырылып жатып қалды. «Ішім,ішім» дегеннен басқа ештеңе демейді. Алғашқыда жақпайтын бірдеңе жеп қойды ма деп ұшықтап көрді. Зіл қайтар емес, қайта күшейіп барады. Амал жоқ, көлікке отырғызды да Қалғансырдан дереу Қандөзге тартты. Ауылдық аурухананың дәрігері аурудың асқынғанын анықтап, ауданға шұғыл жіберуді ойластырды. Жүз шақырым қашық ауданға безілдеп келе жатқан көлікте Нұрлыбек есінен танды. Жүрек соғысы әлсіреді. Абыр-сабыр басталды. Көре көзге баладан айырылып қалам ба деген әкенің күдігі күшейіп, дегбірі қашты. Сасқанынан бетіне су бүркіді. Әйткенмен есі кіресілі-шығасылы.
Құдайдың қарасқаны болар, сол түнгі кезекші хирург Сәулебек Искаков екен. Ол науқастың медициналық сараптамасын алды да дереу отаға дайындады. Соқырішек екені сөзсіз, бірақ уақыт өткізіп алған. Неде болса ота барысында мәлім болады...
Хирург Сәулебек Есқожаұлы дереу науқас туралы дерекке назар аударды.
Нұрлыбек Нұртазаев 1978 жылы туылған. Қандөз ауылдық кеңесі Қалғансыр бөлімшесінің тұрғыны. №240 орта мектебінде үшінші сыныпта оқиды. Медициналық картада оның қан құрамы, тексеру нәтижесі, түрлі ауруға қарсы вакцина егілгені туралы есебі көрсетілген. Ең бастысы, қан құрамы белгілі. Бұл дәрігер үшін құнды дерек.
Сорақысы енді басталды. Соқырішек жарылып кеткен. Ішкі органдарды тазалағанша бірнеше сағат өтті. Өлім мен өмір арпалысы минуттарға иек артады. Маңдайдан сорғалаған ащы терді кезекші медбике сүртіп әуре.Оған мән беріп жатқан дәрігер жоқ, бала тағдыры бәрінен қымбат.
Ота үстелінде сұлқ түсіп жатқан он екіде бір гүлі ашылмаған періште ғой, қалай жаманшылыққа қиясын, қазақтың қарапайым қарасирақ баласы. Оқтын күн қаққан жүзіне көзі түсіп кетсе ішкі ой мүжиді. Әйтеуір аман алып қалса тәубе!
Дүниеде жаннан тәтті ештеңе жоқ ғой. Шыбын жан үшін адам отқа да түседі, суға да түседі. Ал, мына жерде баланың жаны дәрігердің қолында. Ол қателессе өмір шорт үзіледі.
Сәтін салып, ота ойдағыдай аяқталды. Үзік қарынды тігіп бола бергені сол еді, кенет оның қан қысымы күрт түсіп кетті. Қорқыныш қаумалады. Секундтар сырғып жатыр. Әурелеген әдірә өмір-ай, баланың басына сонша ауыртпалық салғаны несі?!
Қан қажет. Жеті түнде жарылқай қоятындай ешкім жоқ. Тағы толғаныс. Тәжірибесі мол хирург өзін сабырға шақырды да бір шешім қабылдады. Баланың қан тобы өзімен сәйкес келетіні рас, ендігісі тәуекел. Ол медбикеге шұғыл қан тапсыру қажеттігін айтты да көрші кушеткаға жата кетті. Сөйтіп екі жүз грамм қан берді.
Осыны күткендей науқастың күйі жақсара бастады. Со-с-ын барып «ух» деп демін басты дәрігер. Сол түннің ауыр болғанын дәрігер енді сезгендей сылық түсіп отыра кетті. Бір кезде медбике ыстық кофе әкелді, ішкен соң әлденді. Ептеп өзіне келді. Ертесіне бала платаға ауысты. Арада бір апта өткенде ауруханадан жазылып шықты.
...Бұл оқиғаны бүгін Нұрлыбек маған айна-қатесіз айтып отыр. Мен тыңдап келемін. Көлікті жүргізіп отырған ол маған көзін бір салып, Сәулебек Исқақов туралы сұрады. «Ол қазір аудандық аурухананың бас дәрігері, аудандық мәслихаттың депутаты» дедім. Отыздан асып, қырыққа таянған жігіт аздап үнсіз қалды да: —Мен үнемі оған сәттілік тілеп жүрем. Сол кісінің біліктілігі арқасында міне жер басып жүрмін. Отбасылымын. Ұрпағым бар. Әкем де жанымда. Өзім табиғатты сүйемін, саятшылық жасаймын. Сіз Сәулебек ағаны көрсеңіз сәлем айтарсыз. Мен оның шарапатын ұмытпаймын, — деді.
Ойға қалдым. Дәрігер құдіретіне құлдық ұрғың келеді. Хирург Сәулебектің қолынан шипа көрген өмірде осындай қанша адам бар екен, ә? Мына Нұрлыбек соның бірі ғана ғой. Біз білмейтіні қанша?

Қаныбек ӘБДУОВ,
Жаңақорған-Қандөз-Жаңақорған.
15 қараша 2018 ж. 6 527 3 280
Пікір қалдыру

Пікір 3 280

Dacencit от 26 тамыз 2020 03:33
only here viagra generic drug viagra viagraviagra mejor que cialis viagra kaufen billig viagra generika

Zorinacit от 26 тамыз 2020 03:38
440921 try it mexico viagra viagra cheap viagra oil for men generic viagra buy viagra fast viagra expiry patent viagra online viagra

Zorinacit от 26 тамыз 2020 03:45
just try buying viagra uk viagra without doctor prescription buy viagra onlinecanada viagra sample buy viagra online viagraviagra utilit generic viagra viagra onlineviagra tablets duration buy viagra online viagra

Elizacit от 26 тамыз 2020 03:47
930a21 cialis prodaja apoteke beograd generic cialis cialis in italia senza ricetta buy cialis online cialis cheap overnite cheap cialis black cialis 800 mg buy cialis online

Elizacit от 26 тамыз 2020 03:51
buying brand cialis online cheap cialis cialis cheapcheap cialis tablets in uk buy cialis buy cialis onlineif a woman takes a mans cialis buy generic cialis generic cialis onlinecialis officiel cheap cialis online generic cialis online

Elizacit от 26 тамыз 2020 03:53
930a21 cialis y levitra espan cialis for sale cialis 20mg how to buy generic cialis comprar cialis mx buy cialis online cialis venta diaria cheap cialis

Elizacit от 26 тамыз 2020 03:56
930a21 overnight cialis buy cialis venta de cialis uruguay online cialis cialis genericos en india online cialis cialis overnight us pharmacy buy cialis online

Bezhkocit от 26 тамыз 2020 04:01
444021 generic soft tabs cialis generic cialis online cialis legal deutschlan buy generic cialis usefull link cialis delivery cheap cialis online

Orehovcit от 26 тамыз 2020 04:02
generic viagra 100mg price viagra online viagra

Orehovcit от 26 тамыз 2020 04:07
1fd121 viagra filmtabletten buy viagra