Биологиялық белсенді қоспалар

ББҚ-бұл тек дәрі емес, сонымен бірге өсімдіктен, жануар және минералды шикізаттан алынатын табиғи және табиғи ұқсас белсенді заттар, яғни биологиялық белсенді қоспалар тамақпен бірге пайдалануға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған өнімдер.
ББҚ-ды не үшін пайдалану қажеттігін әр адам пайдаланар алдында толық ақпарат алу қажет.
ББҚ-ды дәрі-дәрмектер орнына қолдануға болмайды. Дәрі-дәрмектерді аурудың алдын-алу, басқада ауырған жағдайда емдік ретінде қолданса, ББҚ ферменттердің түзелуі үшін, адам ағзасындағы керекті дәрумендер мен минералдарды толықтыру мақсатында пайдаланылады.
ББҚ-дың құрамында табиғи өсімдік ингредиенттері бар. Әр түрлі ББҚ пайдалану бұл адам денсаулығы әр түрлі ауруларға төтеп бере алу мақсатында адам сау кезінде қабылдауға ұсынылған табиғи емдік қоспа.
Бұны кей адамдар толық түсінбей әр түрлі әлеуметтік желілерде жарияланған ББҚ-ды әр адам өз бетінше денсаулығын түзету үшін емдік мақсатта да қолданып жатады. Бұл адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Әр адам ББҚ-ды пайдаланар алдында оны қандай мақсатта пайдалану қажеттігін, құрамын, пайдалану тәртібі мен кері әсер ету белгілерінің бар –жоқтығын біліп, толық танысып алып пайдаланған жөн.
Қазіргі таңда әлеуметтік желіде, сауда орындарында сатуға шығарылып отырған әр түрлі ББҚ бойынша әр өнімнің қауіпсіздігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы, таңбалану тәртібі бойынша аталған өнімдердің пайдалану мақсаты, дозалары, қарсы көрсетілімдері, ұсынылып отырған өнімдер дәрілік зат еместігі туралы және басқада қажетті талаптар толық көрсетілуі қажеттігін ескертеміз.
Және де Биологиялық белсенді қоспаны өндіру барысында халықаралық ережеге сәйкес құрылғының, шикізаттың тазалығы, дайын өнімнің құндылығы, сапасы, қапталуы мен сақталуына баса назар аудару қажет.
Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары.