№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 2025 жыл: өзгерістер болады ма?

2025 жыл: өзгерістер болады ма?

Күнтізбе ауысуына байланысты жаңа жылда біраз өзгеріс болады. Оның кейбірі – заңнама тәрті­бінде көзделген өзгерістер болса, кейбірі – былтырғы бастамалардың заңды жалғасы. Мәселен, айлық есеп­­тік көрсеткіш жыл санап өсіп отырады. Былтыр 3 692 теңге болса, биыл 1 АЕК 3 932 теңгеге тең. АЕК-тің әсері зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәр­демақыларға да әсер етеді.
Тағы бір өзгеріс – биылдан бастап жеке тұлғалардың декларация тапсырудан босатылуы. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуын­ша, 8 млн азамат бұл міндеттен босатылуы мүмкін. Себеп – деректер базасының цифрлануы және қолма-қолсыз төлем жүйе­сінің дамуы. Дегенмен жеке кәсіпкерлер, мем­ле­кеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор басшылары мен олардың жұбайлары дек­ларация тапсыруды жалғастырады.
Жаңа салық кодексі 2025 жылдың шілде­сіне дейін қабылданып, 2026 жылдың қаңта­рынан бастап күшіне енеді. Негізінен мынадай өзгерістер болуы мүмкін:
  • Салық пен төлемдер саны 20 пайызға қысқарады;
  • Салық есептілігі көлемі 30 пайызға азая­ды;
  • Корпоративті табыс салығының негізгі мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде қалады;
  • Банктер мен ойын мекемелері үшін 20 пайызға көтеріледі;
  • Өңдеуші өнеркәсіп үшін 10 пайызға төмендетіледі;
  • Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 3 пайыз болады.
Банк аралық QR-төлемдердің іске қосылуы да биылға жоспарланып отыр. Яғни пайдаланушылар сауда нүктесінде қай банктің терминалы тұрғанына қарамастан кез келген банктің мобилді қосымшасы арқылы QR-төлемді жүзеге асыра алады. Қазір бұл жұмысты Ұлттық төлем корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесе жүргізіп жатыр. Қызмет 2025 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болмақ.
2025–2027 жылдарға арналған Ұлттық қор­дан республикалық бюджетке кепілден­діріл­ген трансферт көлемі бекітілді:
  • 2025 жылы – 2 трлн теңге;
  • 2026 жылы – 2 трлн теңге;
  • 2027 жылы – 2 трлн теңге.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйым­да­­ры­нан түсетін түсімдер негізінде 2025–2027 жыл­дарға арналған мұнайдың кесімді баға­сы белгіленді:
  • 2025 жылы – барреліне 42,3 доллар;
  • 2026 жылы – барреліне 41 доллар;
  • 2027 жылы – барреліне 39,4 доллар.
1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заң күшіне енеді. Заң сатып алу үдерісі процедурасын оңтай­ландыруға, сатып алынған тауар, қызмет, жұ­мыс сапасын арттыруға, сатып алуға қаты­су­­шылардың жауапкершілігін күшей­ту­ге, бәсекені дамытуға бағытталған. Заң 4 блоктан тұрады.
01 қаңтар 2025 ж. 87 0