№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «БАРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС ОРГАНДАРЫНА БЕРІЛЕДІ ДЕГЕН АҚПАРАТ НЕГІЗСІЗ»

«БАРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС ОРГАНДАРЫНА БЕРІЛЕДІ ДЕГЕН АҚПАРАТ НЕГІЗСІЗ»


 Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операциялауға жатқызу өлшемшарттары жайында осы жылдың 29 наурызында ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығы шықты. Міне, осы өзгеріске байланысты қоғамда түсінбеушілік туындады. Халық арасында қызу талқыланып, бүгінде сауда орындары, жолаушылар тасымал құралдары өз еріктерімен банктік аударымдардан бас тартуда. Осының заңдылығы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділ Бекішов мәлімеді.
«Салық заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістер бұл жаңа салық түрі емес. Бұрынғыдай кәсіпкерлер өз салық режимін қандай негізде жүзеге асырды, салық есептерін дәл солай жүргізіп отырады. Ал, қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселе – жеке тұлғалардың аударымдарына қатысты. Салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктерден жеке тұлғалардың мынандай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен Мемлекеттік кірістер органдарына беретін болады:
1-кезең 2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін болады. Ол мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша жүргізіледі. 2-кезең 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін реттеледі. Оған бюджет саласының қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары кіреді. 3-кезең 2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары бойынша. 4 – кезең 2025 жылдан бастап халықтың қалған санаттары бойынша жүргізіледі», - деді Ә.Бекішов.
Сонымен қатар, Әділ Ерғалиұлының айтуынша, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Егер де жеке тұлға мобильді аударымдар жасайтын болса, банктік құпияны сақтау талаптары бойынша аударымдар туралы ақпарат кірістер органдарына берілмейді.
28 сәуір 2022 ж. 348 0