№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнетақы төлемінің тиімді, оңтайлы рәсімделуі жайлы

Зейнетақы төлемінің тиімді, оңтайлы рәсімделуі жайлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 19 мамыр 2023 жылғы №102 қаулысына Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 18 мамыр 2023 жылғы №156 бірлескен бұйрығына сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылғы 1 маусымынан іске асырылуда.



«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне көрсетілген құжаттарды, HR ENBEKке енгізу үшін құжаттарды ұсынады. Кадр қызметінің қызметкері ENBEK KZ-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін Алгоритмнің 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді. Зейнетақы төлемдерін проактивті нысанда тағайындауға келісім беру мүмкіндігі туралы smsхабарлама жіберіледі. Sms-хабарламаға жауапты күту мерзімі sms-хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды. Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда,қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады. 1414 нөмірі бойынша берілген smsхабарламаға үлгіге сәйкес жауап жазылуы қажет.

Әлия Аблаева,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының Қызылорда облысы
бойынша филиалының әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған
аудандық бөлімінің басшысы
22 маусым 2023 ж. 156 0