Қызылордада жауынгергерлер дайындықтарын шыңдауда
Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімінде кезекті жауынгерлік атыс өтті.
Жеке құраммен арнайы жауынгерлік тапсырмаларды орындамас бұрын, әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізіліп, барлық қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Сондай-ақ іс-қимылдар кезінде жеке қаруды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударылды. Жауынгерлік атыстар әскери бөлім жеке құрамының теориялық білімдерінің жетілуіне, қатарға жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына, қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң әсерін тигізеді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров