Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтан сақтанайық

Қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтан сақтанайық


Бүгін "Ордакент" ардагерлер, жастар үйінде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп - тексеру департаментінің бастамасымен «Қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтан сақтандырамыз» тақырыбында кездесу жиыны өтті.


Кездесуде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бас маманы - Орданова Бақыт Тұрмаханқызы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп - тексеру департаментінің тергеушісі - Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы күмәнді жобалардан азаматтарды сақтандыру және алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамның алаңдаушылығын тудырып отырған өткір мәселенің бірі – қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтың қарқын алуы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Қалдыбекович Элимановпен әр кездесу сайын тапсырма беріп, бақылауда ұстап отыр.

Республикамыздың барлық өңірінде және әртүрлі форматта алаяқтық жобалар көбейіп барады. Еліміздің аумағында жыл басынан бері 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 217 бабымен 33 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 7 қылмыстық іс сотпен қаралып, 11 адам 3 жылдан 6 жыл 8 ай мерзімге дейін түрлі жазаға тартылды. Барлығы 6,5 млрд. теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі кезде бұл саладағы қылмыспен күресудің жаңа әдістемелерін басшылыққа алып отырмыз. Яғни, талдау жасау арқылы оларды басталу кезеңінде тыйып тастау қолға алынды.

Әлеуметтік желі арқылы оңай олжа ұсынатын жарнамалық сайттар мен сілтемелерді анықтау мақсатында тұрақты түрде арнайы ақпараттық жүйемен («Кибернадзор») мониторинг жасалады. Бүгінгі күнге (республика бойынша – 3 мың) Департамент мамандарымен заңсыз ойын белгілерімен 847, қаржы пирамидасына қатысты 280 сайттар мен сілтемелердің белсенді жұмысы тоқтатылды (бұғатталды).

Департамент қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде облысымызда жыл басынан бері алаяқтық белгілерімен «ROGNEDA» және «Не работа» деген компаниялар анықталды. Азаматтардан «Каспи голд» арқылы аударым қабылдау жолымен жиналған қаражат көлемі 89,6 млн. теңгеге жеткен. ҚР ҚК-нің 217 бабымен тіркелген екі іс материалы, тергеу реттілігімен, облыстық Полиция департаментіне және Түркістан облысы бойынша ЭТД-не жолданды.

Осындай күмәнді жобалардан азаматтарды сақтандыру және алдын алу үшін бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Алайда «ақшамды еселеп көбейтіп аламын» деген сеніммен мыңдаған жандар алданып қалып жатыр. Облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп біздің мамандар аудандарда кездесулер өткізіп жүр. Облыстық телеарнамен бірге бейнеролик жасалды, «Азаматтарға арналған үкімет» залдарында, сауда орындарында, қала көшесіндегі LED экрандарда көрсетілуде.

Азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаға тартатын алаяқтық айла - амалдарға түспеуге шақырамыз.

Осыған байланысты, осындай күмәнді жобалар туралы білсеңіз немесе алданып қалсаңыз, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуды өтінеміз.

Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет қыстағы, Ш.Есенов көшесі, 16. Немесе 8 (7242) 21-52-09 нөмірлі «сенім телефоны» арқылы хабарласуға болады.


02 тамыз 2022 ж. 338 0