Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жауынгерлік дярлық апталығы басталды

Жауынгерлік дярлық апталығы басталды


Қызылорда гарнизонының әскери бөлімінде оқу-жаттығу дабылы берілді.


Жауынгерлік дайындықтың ең жоғары деңгейіне жеткізу сабақтары әскери бөлімде жаңа оқу кезеңінің басталысымен жүзеге асырылады. Аталған сабақ кезінде техникаларды оталдыру жұмыстары, басқарудың жылжымалы пункттерін орналастыру мен радио жаттығулардың барысы т.б. маңызды іс-қимылдар пысықталып, орындалды.

Жауынгерлік жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның жүктелген міндеттерді уақытында орындаудағы іс-қимылдарын үйлестіру, әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін нығайту және жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру.

Бөлімнің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру кезінде басқа әскери құралымдардың басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Әскери қызметшілер келесі кезеңдерде жеке мамандықтары бойынша жауынгерлік дайындығы мен әскери техниканы жүргізуді жүзеге асырады. Әрбір жаттығу барысында жеке құрамнан мақсаттылық, кәсіпқойлық, тактикалық шеберліктер талап етіледі.


Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
06 маусым 2022 ж. 582 0