Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдум — жаңа өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер әкеледі.

Референдум — жаңа өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер әкеледі.




Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде конституциялық өзгерістер бойынша жалпыхалықтық референдум өтетін күнге де санаулы күндер қалды.

Референдум Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асырудың алғышарты болып отыр. Сол Жолдауда билік тармақтары бөлісіліп, суперпрезиденттік жүйеден түбегейлі арылу, Парламенттің рөлін арттыру, азаматтық қоғамның билікке араласуы үшін көптеген заңнамаларды өзгерту бастамасы көтерілген. Сол өзгерістердің басты заңымыз Конституциядан бастау алғаны да саяси-құқықтық жағынан әділеттілік. Өйткені негізгі заң өзгермей, кіші заңдардың күші әлсіз екені даусыз.

6 мамырда БАҚ беттерінде Конституцияға енгізілетін түзетулердің мәтіні жарияланды және өз тарапымнан қолдадым. Түзетулердің барлығы әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Сондықтан 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда өз аймағымдағы сайлау учаскесінде саяси көзқарасымды білдіріп, Жаңа Қазақстан құру идеясына өз үлесімді қосатын боламын.

Барша жаңақорғандықтарды азаматтық белсенділік танытып, референдумда өз таңдауын жасауға шақырамын!
01 маусым 2022 ж. 458 0