№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Иммунитет – ағза қорғаны

Иммунитет – ағза қорғаны


Ауырмаудың ең оңай жолы – иммунитетті нығайту. Өйткені ағзасы әлсіз адам түрлі ауруға шалдыққыш келеді. Біз мамандардан осы турасында сұрадық.

Терапевт дәрігер Шолпан Абдул­лаева: «Иммунитет – дененің қарсыласу қабілеті. Атқаратын қызметі бөгде жасушаларды, инфекциялар мен вирустарды бейтараптандырып, оларды жою. Иммунитетті қалыптас­тыруда дұрыс тамақтану, уақытылы ұйқы, дене белсенділігі, темекі мен ішімдіктен бас тарту, стресстен қор­ғану секілді ережелерді қатаң ұста­ну керек», – дейді.
Дәрігердің сөзінше, күйзеліс әсе­рінен иммунитет қатты зардап шегеді және оны адамдар біле бермейді. Айналадағы адамдардың өзіңізге деген қарым-қатынасы дұрыс болсын десеңіз, көңіл-күйдің жақсы болуына мән беріп, күйзелістен аулақ болған жөн.
Негізі иммундық жүйенің туа пайда болатын және жүре пайда болатын түрі бар. Алғашқысы іштен туа қалыптасып, тұқым қуаласа, екіншісі, қалыптасатын ағзаның қарсы тұру процесі.
Ал аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, тағамтану бөлімінің маманы былайша түсіндірді.
– Адам ағзасында қажетті дәрумендердің жетіспеушілігі авитаминоз деп аталады. Бұл кішкентай бала мен қарт кісілерде де кездеседі. Сондықтан міндетті түрде таңғы асқа түрлі жармаларды сүтке немесе суға қайнатып пайдаланп отрсаңыз, бойыңыз сергек болып, әлсіздікті сезінбейтін боласыз. Оған қоса түрлі вирустарға да төтеп беруге күш-қуатыңыз жеткілікті болады. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанып, жеке бас гигиенасын ұстану да көптеген аурудан сақтайды.  Дұрыс тамақтанбасаңыз асқазан жұмысы бұзылып, ағзаның қалыпты деңгейін тежейді. Күнделікті қозғалыстың аз болуы да осыған себеп болып жатады. Салдары семіздікке әкеліп, ағзаның бастапқы қалпына келуіне мүмкіндік болмайды, – дейді маман.
Ал ғылыми негіздерде иммундық жүйенің бұзылмауы мен қалыпты жағдайда болуы ұйқығы байланысты екенін айтады. Ұйқы адамды күйзеліс пен зорығудан сақтап, келесі күні көңіл-күйдің көтеріңкі болуын қамтамасыз етеді. Ең бастысы бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырған дұрыс. Ал ұйқы режимінің өзгеруі иммунитетті төмендетудің бірден бір жолы екенін академик И.Павлов та өз жазбаларында айтып кеткен.
Әдетте адам иммунитетінің төмен­дегенін әлсіреп, суық тиіп ауырғанында, өзін нашар сезінгенде, созылмалы ауруының асқынғанында байқап жатады. Оған қоршаған ортаның ластануы мен экологиялық жағдайдың да әсері тиіп жататыны жасырын емес. Мамандар иммундық жүйенің қалыпты жұмыс жасауында тамақтану бірінші орында екенін алға тартады. Күнделікті аз мөлшерден түрлі тағам түрлерін қабылдап, ағзаны керекті дәрумендермен қоректендіріп отырған дұрыс. Фастфуд, қуырылған, ащы тағамдар мен газдалған сусындарды пайдаланбаған жөн. Өйткені денсаулыққа тигізер зардабы өте көп. Орнына ақуызға бай  сүт өнімдері мен арпа, сұлы жармаларын тұтынсаңыз әлдеқайда пайдалы. Жеміс-жидектер мен көкөністерді де қолдансаңыз түрлі ауруға шалдықпаудың алдын алуға болады.
Сондай-ақ қаймақты тұмауға шалдыққанда пайдалансаңыз асқа­зан­ға ауыр тимейтінін, сарымсақ вирустардан қорғайтынын, ал пияз сығындысын ішу асқазан жұмысын жақсартатынын да мамандармен сөйлесу барысында білдік.
Жалпы иммунитетті төмендетіп алмас үшін күніне 1,5-2 литр су ішуді де есте сақтаған жөн. «А», «В», «В1», «В2», «D», «C» дәрумендері бар сүйекке, есте сақтау қабілетіне, көз жанары мен тыныс алу қызметін реттейтін дәрумендерді қабылдау иммундық жүйенің жұмысын реттейді.
Итмұрын, қарақат, цитрус, қырық­қабат қартаюдың алдын алса, жаңғақ, жүгері, банан, сәбіз бен сүт қан айналымын реттеп, саумал мен теңіз қырыққабаты жүрек жұмысын жақсартадлы. Міне, осы айтылғандар имммунитетті қалыпты ұстаудың жолы.
– Физикалық жаттығудың имму­ни­­тетті нығайтуда әсері мол. Жұмысбасты болып, уақытыңыз тапшы болса, жаяу жүріңіз. Нәтижесінде қанайналып реттеліп, бойда қан жүреді. Ағзаға оттегі тарайды, көңіл күйіңіз көте­ріледі. Ал көңіл-күйіңіз жақсарса, иммунитет те көтеріледі. Салқын сумен  жуынуды да әдетке айналдырсаңыз зияны жоқ. Фитнеспен, бимен айна­лысып иммунитетті көтерудің жолын қарастырсаңыз, оған қоса тән сұлулығына мән беріп сұлулана түсетініңіз анық, –  дейді жаттықтырушы Шыңғыс Азнабаев.
Қазірде көбісіміз сәл ауыра қалсақ дәрі-дәрмекке сеніп кеткенбіз. Яғни бір жеріміз ауырса, дәрінің күшімен жазуға тырысамыз. Кез келген жетістікке еңбектің арқасында қол жеткізетініміз сияқты, денсаулыққа да күн сайын көңіл бөлуді ұмытпайық.
25 тамыз 2020 ж. 602 0