Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ит көйлектің төркіні қайдан шыққан?

Ит көйлектің төркіні қайдан шыққан?



«Ит көйлектің» төркіні қайдан шыққан?

Дүние есігін ашқан сәбиге ең алғаш тігісін сыртына қаратып, киім тігіп кигізеді. Бұл киімнің атын «ит көйлек» немесе «ит жейде» деп атаған. Киімнің бұлай аталуы жайында мынадай қызық аңыз бар.

«Алла Тағала адамның мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратады. Иттің үнемі адамнан айырылмай, қайда барса да, иесінің мал-мүлкін қорып, адамға серік болып жүретін себебі сол екен. Кіндік балшығынан жаралған соң, алғашында оның терісі түксіз, жалаңаш болыпты.

Адам ата жаралған соң, оны қырық күн, қырық түн ит күзетіпті. Ібіліс адамға жақын келіп:

– Алла сені несіне жаратқан?! Түрің құрысын! – деп, адамның бетіне түкіріп жіберген екен. Сол сәтте ит адамды қорғап, ібіліске тап берген. Ібіліс итке ашуланып, қаһарын төгіпті. Ібілістің қаһары асып түсіп, ит тоңып өлген көрінеді.

Алла тағала иттің ерлігіне риза болып, оны қайта тірілтіп, денесін жүні қалың терімен қаптайды. Адамның шаңырағынан мекен береді. Ал Ібіліс Адам бетіне түкіргендіктен, адам әр түрлі кеселге шалдығатын болыпты» деп келтіреді.

Тағы бір аңызда адам денесінің топырақтан жаралғаны туралы оқуға болады. Аңыздың желісі бойынша Алла тағала адам кескінін балшықтан жасап, оны итке күзеттірген екен. Осы сәтті пайдаланған ібіліс адамның кескінін саусақтарымен нұқып кетіп, оны былғап қойған, содан кейін адам өмірінің соңына дейінгі күндері бейнетке толы болған деседі.

Қандай аңызға сүйенсек те, иттің адамға дос екенін бүгінгі күнде көріп жүрміз.

«Ит Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскен кезде де алғаш рет соларға сенімді серік болған екен деседі. Оларды бәле-жаладан, қауіп-қатерден құтқарып, қорған болған екен».

Жаңа туған баланы да пәле-жәледен қорғасын деп ит көйлек кигізіп ырымдау содан қалыпты. Ит көйлекті бала қырқынан шыққанша кигізеді. Оны шыт, сиса, бәтес, бөз сияқты жұмсақ маталардан жасайды. Тысын сыртына қаратып, шетін бүкпей пішеді. Жағасын ойып, өңіріне баланың басын сыятындай етіп тік тілік жасайды.

Баланы қырқынан шығарғасын ит көйлекті далаға тастамайды. Дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып, өзімен бірге ала жүрген. Себебі, «көйлек қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды» деп ырымдаған. Тіпті, баласы жоқ әйелдерге ит көйлекті ырым етіп беретін болған.

«Салт-дәстүр сөйлейді» кітабынан мәлімет келтірген.
07 шілде 2019 ж. 1 045 0