1717 баласы болған Морокко «сұлтаны»
Марокко тарихында Мулай Исмаил ибн Шериф атты сұлтан "Жауынгер Патша" және "Қатыгез" билеуші ретінде тарихта аты қалған. Сондай-ақ, бір таңғаларлығы, сұлтан Мулай Исмаил ибн Шерифтың 1000-нан астам баласы болған екен. Гиннестің рекордтар кітабына енген көпбалалы әке туралы ақпаратты сіздер де біліңіздер.
Мулай Исмаил – Малайзияның Алауит әулетінің ең алғашқы сұлтаны. Ол 1672 - 1727 жылдар аралығында ел басқарған. Сондай-ақ Малайзия тарихында да ең ұзақ уақыт мемлекет басқарған билеуші ретінде көпшіліктің есінде қалған. Ол өзін исламның негізін қалаушы "Пайғамбардың ұрпағымын" деп мәлімдеген.
1000-нан астам баласы болса да, Гиннестің рекордтар кітабында оның 888 баласы бар деп көрсетілген. Ол –тарихтағы ең көп баласы бар адам. Француз дипломаты Доминик Бусно 1704 жылы Мароккоға барған кезде 57 жастағы Мулай Исмаилдың 4 ресми әйелінен бөлек 500 қызметкері барын және олардан 1717 баласы болғанын жазып қалдырған.
Тарихи шындықты белгілеу үшін австриялық ғалымдар компьютерлік модельдеу әдісін қолданып, әртүрлі параметрлерді қолдана отырып бірнеше үлгілер жасады. Сұлтанның шамамен бес жүз мың кәнизактан тұратын үлкен гаремі болғаны белгілі. Алайда, ғалымдардың айтуы бойынша, «отбасы», яғни сұлтанмен ұйықтаған әйелдердің саны 65-110 шамасында болған.
Компьютерлік модель сұлтанның 32 жылдың ішінде 1200 баланы тудыруы мүмкін екенін анықтады. Ол үшін сұлтан күн сайын нақсүйерлерімен жақын қатынаста болған. Ғалымдардың айтуынша оның осы белсенділігі ұзақ жасауына да әсер еткен дейді.
Тарихи деректерге сүйенсек, қатігездігімен аты шыққан сұлтан Исмаил Фез қаласында 400 жаудың басын алған. 55 жылдың ішінде ол 30 000-нан астам адамды өлтіруге бұйрық берген екен.
Сұлтан Мулай Исмаил қайтыс болғаннан кейін (1645-1727) өзінің Мекнесдегі қадір тұтқан мешітіне жерленген. Ал мазарда сұлтанмен бірге оның 500 әйелінің тек біреуі ғана, сондай-ақ екі баласы ғана бірге жерленген деген тарихта деректер
сақталған екен.