Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№89 (9002) 24

24 қараша 2026 ж.

№88 (9001) 21

21 қараша 2026 ж.

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Вьетнамда шыныдан 80 метрлік «Махаббат көпірі» салынды

Вьетнамда шыныдан 80 метрлік «Махаббат көпірі» салынды

Желілерде Вьетнамда технологияның соңғы үлгілерімен жасалған ұзындығы 80 метрлік 5D-көпірдің алғашқы фотосуреттері пайда болды деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24.kz сайтына сілтеме жасап.

5D технологиясымен салынған алғашқы шыны көпір Ханойдан 200 шақырым қашықтықтағы Сон-Ла провинциясының Мок-Чау ауданында орналасқан. Көпірдің негізгі жері жүрек және лотос жапырақтары түрінде жасалған. Вьетнамның бұл жаңа көрнекі жері ерекше шыныдан салынып, оған әлемнің ең соңғы технологиясы 5D - сенсорлық экрандар қолданылған. Яғни көпірдегі саяхатшылардың бұл технология арқылы судағы балықты, бүршік жарған гүлдерді көруге мүмкіндігі бар. Көпірде бір мезетте 70 адам серуендей алады. Сонымен қатар олар Дай-Ием сарқырамасын да тамашалай алады.


28 ақпан 2019 ж. 1 048 0