№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қараусыз қалған фермадан Jaguar-дың ескі моделі табылды

Қараусыз қалған фермадан Jaguar-дың ескі моделі табылды

АҚШ-тың Айова штатындағы қараусыз қалған ферма қоймасынан 36 жылдан бері жатқан Jaguar MK2 седаны табылды деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ферманың қазіргі иесі оны бәссауда арқылы сатып алған, бірақ құжаттарда машина туралы ештеңе жазылмаған.
Табылған көлік Jaguar-дың күшейтілген қозғалтқышпен жабдықталған нұсқасы екені белгілі болды. Қуаты 223 ат күшіне тең. Ол 97км/сағат жылдамдықты 8,5 секундта бағындырады. Jaguar-дың бұл моделі 1959-67 жылдар аралығында шыққан.

Табылған темір тұлпар айнасындағы уақытқа қарағанда, ол соңғы рет 1983 жылы тіркеуден өткен. Ягуардың түпнұсқа салоны жақсы сақталғанымен, кейбір бөлшектері қайта жөндеуді талап етеді. Седанның жүксалғышында жақсы сақталған дөңгелек қақпақтары да табылған.

​​​

19 ақпан 2019 ж. 977 0