№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Месси "физика заңдарына бағынбайтын" трюк жасады

Месси "физика заңдарына бағынбайтын" трюк жасады


"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында "физика заңдарына бағынбайтын" трюк көрсететін видео жариялады, - деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеода аргентиналық футболшы доптың үстіне газдалған сусынды қойып, кейін тепкенде, бөтелке өз өсімен айналып жерге нық түседі, ал доп ұшып барып, шығыршықтың дәл ортасынан өтеді.
Леоның парақшасында видео бір тәуліктің ішінде 17 миллионнан аса қаралым жинады. Алайда трюктың шынайы жасалғанына күмән келтіргендер де болды.
Кей басылымдар видеоны кадрға бөліп, мұның сиқыр емес, жәй ғана монтаж екенін айтқан. Себебі бөтелке жерге түскенде ұзақ шайқалып тұрмаған.

​​​

11 ақпан 2019 ж. 1 038 0