Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Францияда мұражайға барған жастарға 500 еуро береді

Францияда мұражайға барған жастарға 500 еуро береді



Франция билігі жақында ғана мектеп оқушыларының смартфон ұстауына қарсы заң шығарған болатын. Енді Мәдениет Министрлігі мәдени шараның кез келгеніне қатысуға 500 еуро көлеміндегі несиені оңай рәсімдеуге мүмкіндік беретін Pass Culture қосымшасын шығарды. Мәдени ағартушылықты мақсат тұтатын бұл қосымша тұтынушылары аталған қаржыны театр, мұражай, концерт көрмелерге барудан бөлек, кітап немесе музыкалық аспап сатып алу сынды пайдалы дүниелерге жұмсай алады. Мұндай іс-шараларды қолға алу Франция президенті Эммануэль Макронның сайлау алды жоспарында көрсетілген болатын. Маусым айында Pass Culture қосымшасы Сена-Сен-Дени, Эро, Төменгі Рейн және Гвиана сынды провинцияларда қолжетімді болды. 2019 жылдың басында ол бүкіл Францияны қамтиды деп жоспарланып отыр.

Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 791 0