№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жалқаулық байқауында рекорд жаңарды

Жалқаулық байқауында рекорд жаңарды



Черногорияда жалқаулық бойынша өткізілген байқауда рекордты жаңалаған 4 жеңімпаз сыйлықты өзара бөлісіп алды. Ештеңе істемей жату бойыншы бұрынғы рекорд 47 сағат болған.  Бұл жарыс 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирдің ережелері қарапайым: қатысушылар белгіленген уақытта төсеніш үстіне жатып, орнынан тұрмай барынша көбірек жату керек. Оларға тамақ жеуге, су ішуге, айналасындағылармен сұқбаттасуға, сонымен қатар телефон, ноутбук сынды гаджеттерден пайдалануға рұқсат етіледі. Жарысқа 15 черногориялық және 3 сербиялық азамат қатысқан. Бірақ жеңімпаздардың төртеуі де черногориялықтар. Никшич қаласының тұрғындары Милош Радулович пен Анжела Дендич және Милка Додерович пен Диана Лабовичтер жүзден жүйрік шығып, 49 сағат "жалқаулықтан" кейін "ең үздік жалқау" сыйлығын өзара бөлісіп алуға келіскен. Сыйлықпен қатар 400 еуро ақша да 4 жеңімпаздың қанжығасына байланды. "Біз рекордты жаңартқан соң бір уақытта орнымыздан тұруға, сыйлық пен қаржыны бөлісіп алуға келістік. Мен спрот клубының мүшесімін. 50 шақырымға жүгіріп тұрамын. Бірақ маған бұл сайыста 50 шақырым жүгіргеннен гөрі 50 сағат жату қиын болды. Себебі жүгірген кезіңде шаршасаң тоқтап демалып алуыңа болады. Ал жатқан кезіңде олай істей алмайсың," – деді жеңімпаздардың бірі Милка Додерович.  Черногоиялықтар жұмыс істеуді онша ұната бермейді. Мұны өздері ерсі көрмейді. "Черногориялықтардың 10 заңы" деп аталатын сувенирлерін туристерге сатады. Сувенирге өздерінің тұрмысы, заңдары әзіл түрінде қысқа сөздермен жазылған. Олардың бірінші һәм негізгі заңы: "Адам шаршап-шалдығып туады да, демалу үшін өмір сүреді!"  2. Жатар орныңды өзіңді сүйгендей сүй.  3. Түнде жақсы ұйықтау үшін күндіз мызғып ал.  4. Жұмыс істеме – жұмыс адамды өлтіреді!  5. Егер біреу демалып жатса оған көмектес.  6. Барынша аз жұмыс істе, егер дым жұмыс істемеу қолыңнан келсе істеме.  Басқалар еңбектенсін. 7. Еңбек ауруға апаратын жол. Жас өміріңді өлімге қима.  8. Егер жұмысқа деген шабытың аяқастынан ашылып кетсе отыр, тыныштал, біраздан соң бәрі қалыпқа келеді.  9. Егер тамақ ішіп отырғандарды көрсең дереу қатарына қосылып кет. Егер жұмыс істеп жатқандарды көрсең алыстан айналып өт. Оларды мазалауға болмайды.  10. Көлеңкеден тыныштық табуға болады. Оның құшағында жатып ешкім өлген емес.

Massaget.kz
25 тамыз 2018 ж. 1 010 0