№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕМДЕ НЕ БІР ҚЫЗЫҚ БАР...

ӘЛЕМДЕ НЕ БІР ҚЫЗЫҚ БАР...


Әлем жаңалықтарына сүйенсек, «Aurora Station» атты ғарыш қонақ үйі 2022 жылға қарай өз пайдаланушыларына есік ашады. Калифорнияның «Orion Span» компаниясы бүкіл жер шарын көруге болатын қонақ үйді салып жатыр. Ол қонақ үй алты адамға әзірленген. Онда бір мезгілде 4 қонақ және 2 экипаж мүшесі болады. Ғарыштағы 12 күндік саяхаттың құны 9,5 миллион АҚШ доллары. Бұл ақшаға қонақтар салмақсыздықты сезініп, жер шарын барлық ракурстан тамашалап, таң ату мен күн шығуын көру мүмкіндіктеріне ие болады.

***
Ресейлік tjournal.ru сайтының мәліметіне сәйкес, кореялықтар сөйлейтін робот-мысық шығарды. Ол адамның жалғыздықпен күресуіне көмектеседі. «Fibro» деп аталатын робот адамдарды сұхбатқа тартады. Мамандардың айтуынша, темір мысық үйді қарауылдайды. Ол үйдегі түрлі дыбысты естіп, оларды талдайды, үй ішіндегі адамның не істеп жатқанын бақылап, анонимді түрде мамандар тобына жіберіп отырады. Робот-мысықтардың көзі түрлі сезімдерді де бере алады екен. Сонымен қатар, робот-мысық жарық, микрофон, динамика үшін арнайы сенсорлармен жабдықталған.
***
Бүгінде аспан асты мемлекеті әлем бойынша инфрақұрылым технологияларын қолдануда бірінші орында. Оған сәуір айында пайдалануға берілетін әлемдегі ең ірі көпір дәлел. Көпірдің ұзындығы – 55 шаршы метр. Гонконг – Чжухай – Макаоны байланыстыратын көпір, теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір саналып отыр. Көліктер көпірде еркін қозғалуы үшін 6 жолақ пен 4 туннель бар. Осы көпір салу кезінде, 4 жасанды арал да салынған. 2009 жылы басталған көпір құрылысы 8 жыл дегенде біткен. Көпірдің құрылыс жұмысына 110 миллион юань (16 миллиардқа жуық доллар) қаржы жұмсалған.

***
Америкалық өнертапқыш Илон Маск 2012 жылы болашақ пойызының «Hyperloop» жобасын ұсынды. Ол – бағытының басы мен соңын ұстап тұратын паралель трубадан құралған жер үсті жолаушы пойызы. Труба ішінде ұзындығы 25-30 метрлі капсула сағатына 480-1220 шаршы шақырым жылдамдықпен қозғалып отырады. Жобадағы капсулалар аралығы 30 секундтық қашықтыққа ие. Инженерлер осындай екі тасымал көлігін ұсынды. Бірі – жолаушы, ал, екіншісі – жүк таситын пойыз. Жолаушылар пойызына 28 адам, жүк тасымалы пойызына көлемі 3 машинаға тең жүк сыйып кетеді. Ескеретіні, «Hyperloop»толықтай вакуум пойыз емес. Пойыздың қозғалысқа түсуі үшін 100 Паскаль қысым керек. Капсула линиялы қозғалтқышпен қозғалады. Әр 110 километрге орнатылған ұзындығы 15 метрге тең алюминий рельс статор міндетін атқарады. Капсулаға 1,5 тонналық аккумулятор орнатылады. Аккумулятор қуаты 45 минутқа жетеді.
Алдағы уақытта, болашақ пойызының алғашқы жолы Үндістан, АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі және Оңтүстік Кореяда құрылады деп жоспарланып отыр
Айта кетейік, болашақтың пойызы – Hyperloop Ваккум пойызы жайлы алғаш рет Роберт Говер 1909 жылы «Scientific American» журналында жазған еді. Ол автокөліктер левитация бойынша қозғалады деген ұсыныс тастаған. Ал, 1910 жылы Ресейлік профессор Борес Вейнберг алғаш рет электромагнит майданында затты вакуум трубада қозғалтқан болатын.

Дайындаған:
Айсұлу АЖАНХАНҚЫЗЫ.
25 тамыз 2018 ж. 981 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 01:36
Antibioticss For Uti Keflex Aacifemine Clomid Tomber Enceinte cialis 5 mg Cheapest Generic Levitra secure ordering isotretinoin with free shipping direct Comprar Priligy 30 Mg Entrega Rapida

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 06:48
Dysfonction Erectile Can Cats Have Human Amoxicillin viagra Xenical En Ligne Buy Levitra From India Cialis 5mg Prix Pharmacie