Соңғы жаңалықтар

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Литва тұрғындары қазақстандықтарды қазақ тілінде Наурыз мейрамымен құттықтады

Литва тұрғындары қазақстандықтарды қазақ тілінде Наурыз мейрамымен құттықтады

Литва тұрғындары қазақстандықтарды қазақ тілінде Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!», – деді «Жара» баспа үйінің жетекшісі Айдас Жандарис.
Ал Қазақстан-Литва іскерлік кеңесінің мүшесі Андрюс Бурба Наурыз мейрамы барша қазақстандыққа шексіз қуаныш, шат-шадыман көңіл-күй әкелуін тілейді.
«Көктемнің көгілдір күнімен бірге сіздердің отбасыларыңызға бақыт пен жылулық келсін!», – деді Вильнюс университетінің доценті, түркітанушы Галина Мишкинене.
Сәулетші Гедиминас Тунаитис Наурыздың ақша қарындай әр қазақстандықтың басына бақ қонуына тілекші екендігін білдіреді. Warwick университетінің студенті Густе Тунаитис те барша қазақ еліне, әр қазақ отбасына амандық-саулық, тыныштық және тұрақтылық тілейтіндіктерін айтады.
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!», – деді каратэ-шинкиокушинкайдан әлем чемпионы Бригита Густайтите.
22 наурыз 2021 ж. 807 0