» » Ең үздік камера қай смартфонға тиесілі?

Ең үздік камера қай смартфонға тиесілі?

Блоггер Маркес Браунли (Marques BrownleeAsus ZenFone 7 Pro смартфонын  тест нәтижелері бойынша ең жақсы камерасы бар смартфон деп атады. Тиісті бейнені блогердің YouTube арнасында көруге болады.
Браунли жыл сайын өткізетін тестілеу аясында 2020 жылы шығарылған әр түрлі өндірушілердің 16 смартфонын таңдады. Тізімге Apple, Samsung, Xiaomi, Huawei, One Plus, Asus, LG, Google, Sony, Microsoft және Motorola құрылғылары кірді. Блогер құрылғыларды жұпқа бөліп, әр құрылғының камерасына бірдей фотосуреттер түсірді. Содан кейін Браунли өзінің 4,4 милллион оқырманы бар Twitter парақшасына суреттерді орналастырды және оқырмандарға әр фотосуретке соқыр дауыс беруді ұсынды.
Дауыс берудің бірінші раундының қорытындылары бойынша тесттен One Plus, Google, Microsoft, LG, Oppo, Xiaomiдің үздік смартфондары, сондай-ақ iPhone 12 Pro Max-тың флагманы жеткілікті дауыс жинай алмай шығып қалды. Жартылай финалда төрт құрылғы қалды — Huawei Mate 40 Pro, Asus ZenFone 7 Pro, Xiaomi Mi 10 Ultra және Samsung Galaxy Note20 Ultra.
06 желтоқсан 2020 ж. 1 362 0