Соңғы жаңалықтар

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ең жылдам жануар - гепард

Ең жылдам жануар - гепард


Гепард - жер бетіндегі барлық сүтқоректілердің ең жылдамы: ол жылдамдығын 130 км/сағ дейін дамыта алады.
Өз қорегіне қол жеткізу мақсатында гепард 100 км/с 3 секунд ішінде жүгіріп өте алады.
Ол 0,6 секунд ішінде 6-8 метрге секіру арқылы жүгіреді. Гепард өз жемтігінің соңынан жүгірген сәтінде оның жүрегі минутына 150-ге дейін соғады. Жануар жүгіріп келе жатып, тез бағытын өзгертуге де бейім. Омыртқасының икемділігі аяғые жерден алмай жүгіруге және басын бір биіктікте ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құйрығы болса жүгіру кезінде тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Мұндай серпіліс бұлшықеттен оттегінің үлкен шығынын талап етеді. Жоғары жылдамдығына қарамастан, гепард үнемі қорек аулауда жолы бола бермейді.
Егер де гепард алғашқы 100 метрде жемтігіне ілесе алмаса, ол шабуылын тоқтатады. Африкада гепард - ірі жыртқыштардың ішінде ең әлсізі. Гиеналар, леопардтар мен арыстандар жиі гепардтардан олжасын алып қоя алады.
Сондықтан бұл жануар жылдам болғанымен, тіршілік үшін күресте біршама артта қалады.

Oinet.kz
08 мамыр 2020 ж. 2 633 0