Соңғы жаңалықтар

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Дәрігерлер 22 магнит жұтып қойған қызды құтқарып қалды

Дәрігерлер 22 магнит жұтып қойған қызды құтқарып қалды

Украинаның Черновцы қаласында бір жастағы қыз бала ойнап отырып, магнит жұтып қойған. Ал анасы болса бастапқыда қандай да бір инфекция шығар деп балаға таблетка берген. Бірақ одан баланың жағдайы жақсармаған.

Содан кейін хирург шақыртқан. Сол кезде анасының  үлкен баласы конструктор ойнап отырып, магниттерінің жетіспейтінін айтқаны есіне түскен. Бірақ олар ол магниттерді кіші қыздары жұтып қойды деген ой үш ұйықтаса түстеріне кірмегенін айтады.
Дәрігерлер балаға күрделі ота жасап, асқазаны мен ішегінен 22 магнит шарларын алып шыққан. Дәрігерлер баланың  Құдайдың құдыретімен аман қалғанын айтады.



04 ақпан 2020 ж. 758 0