» » » Зейнетақы жинағын пайдалану – тиімді тетік

Зейнетақы жинағын пайдалану – тиімді тетік


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама экономикаға айтарлықтай әсер еткенін жеткізді. Президент: «Ең бастысы, оның әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Осы шараның арқасында миллионнан астам азаматымыз тұрғын-үй жағдайын жақсартты. Кейбірі ипотекалық қарызын азайтты» деді. Рас, «Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) салымшылары бір жолғы зейнетақы төлемдерін көбінесе тұрғын үй сатып алуға және емделуге пайдалануда. Бұл жөнінде «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының Операциялық бөлімінің Жаңақорған кентіндегі қызмет көрсету орталығының бастығы Оспан Ермектен сұхбат барысында білдік.


– Қызылорда облысы бойын­ша
Б­ЖЗҚ салымшы­лардың (алушы­лар­дың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделулері үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 16 166 өтініш қаралды. (2021 жылдың 22 тамыздағы жағдайы бойынша). Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін облыс бойынша БЖЗҚ шамамен 10 816 өтінішті орындай отырып, 34 млн 611 мың теңгені салымшылардың арнайы шоттарына аударды. Орындалған өтініштердің басым бөлігі «Отбасы банкі», тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы берілген.
– Қаржы алу мәселесі қалай жүзеге асырылуда? Толық айта кетсеңіз.
– Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторында ашылған арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемі түскеннен кейін, алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақының тағайындалған мақса­тын растайтын құжаттарды төлемдер түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғынүй жағдайын жақсарту үшін бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесінің 13-тармағына сәйкес) ұсы­нады. Белгіленген мерзімде уәкі­летті операторға растайтын құ­жаттар ұсынылмаған жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде аза­маттар уәкілетті операторлар арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде өтініште көрсетілген мақсатты өз­гертуге құқылы.
Салымшы аударылған соманы БЖЗҚ-ға көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, «ОтбасыБанкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на өтінім беру арқылы қайтара алады, оны банк алушыдан қайтару туралы өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауы керек. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын уәкілетті операторлар біржолғы зей­нетақы төлемдерін олардың мақ­сатты тағайындаулары бойынша БЗТ сомалары арнайы шотқа түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде аударады.
– Нақты қандай мақсаттар туралы айта аласыз ба?
– Мәселен, 22 тамыздағы жағдай бойынша орындалған өтініштерде зейнетақы жинақтарын пайдалану азаматтық-құқықтық мәмілелер бой­ынша тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға (толық есеп айырысу), жеке тұрғын үйдің құрылысына (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда), тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы төлем жасауға және тұрғын үй ипотекалық несиесі бойынша қарызды ішінара өтеуге сұралды.
Сондай-ақ, ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша қарызды толық өтеуге, ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй несиесін алуға және ипотекалық несие бойынша қарызды ішінара өтеуге сұраныс артты. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық несие бойынша қарызды толық өтеуге және ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға, жеке тұрғын үй құрылысын салуға (жер телімін алуды қоса алғанда) сатып алу құқығы бар жалдау шартымен қарызды ішінара өтеуге, сатып алу құқығы бар жалдау шарты бойынша қарызды толық өтеуге сұралды.
– Келесі бағыт бойынша қысқаша айта кетсеңіз.
– Қызылорда облысы бойынша БЖЗҚ емделу мақсаттары үшін жалпы сомасы 997 млн.теңге сома­сына 1 191 өтінімді орындады. Біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеу үшін пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор – «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады. Егер алушы БЗТ мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды 45 күн ішінде ұсынбаған болса, олар уәкілетті оператордың арнайы шотынан салымшының жеке зейнетақы шотына кері қайтарылады.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Сіз олардың инвестициялық декла­рацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық порт­фельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз. Айта кетейік, олар «Jusan Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ болып табылады.
– Басқа қандай мүмкіндіктер бар?
– Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвес­тициялық басқаруды жүзеге асыр­ғаны үшін комиссиялық сый­ақы алуға құқылы. ИПБ сый­ақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспауы тиіс. Комис­сиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.
Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің бас­қаруында болатын зейнетақы жинақ­тарына инфляция деңгейі еске­ріліп отыратын сақталу кепіл­дігі қолданылады. Зейнетақы жинақ­тары ИПБ-ның басқаруына ауда­рылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зей­нетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ете­тін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізге ала отырып есептелінеді.

Әлібек ТЕМІРБЕК

15 қыркүйек 2021 ж. 9 088 0