Хабарландыру
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №АСК-134 қаулысымен Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі шекараларында Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтері құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №АСК-135 қаулысымен өкілеттік мерзімдері аяқталуына байланысты Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі әкімдерін төте сайлау 2022 жылғы 16 қыркүйекке тағайындалды.
Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 17 қыркүйекте басталады және 2022 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 17 қыркүйекте басталады және 2022 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120300, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №35, Жаңақорған кенті әкімі аппаратының ғимараты, 1-қабат, тел/факс. 8 (72435) 21-3-47, е-mail: tic_kzl_zhn@saylau. kz.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Ибрагимов Сұлтан Мақсұтұлы – төраға Оспанов Меирхан Мұхтарұлы – төрағаның орынбасары Доспанбетов Баянбай Нақышбекұлы – комиссия хатшысы Нарзулдаұлы Қуаныш – комиссия мүшесі Жәнібеков Ақылбек – комиссия мүшесі Шаханова Айнагүл Керімбекызы – комиссия мүшесі Әнуарбек Бағлан Асқарұлы – комиссия мүшесі.