№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

   М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ана – өмір шырағы» атты мерекелік кеште әйелдер қауымына құрмет көрсетілді. Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Ғалым Әміреев жиынға қатысушы нәзік жандыларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

  – Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы! Сіздердің бойларыңыздағы қайрат пен қажыр, шапағат пен шарапат күллі әлемнің тамырына нәр беріп жатқандай. Бүгінде қыз-келіншектердің қоғамның қай саласында да белсенді, беделді, қай салада болмасын іздері бар, – деді аудан әкімі.
  Ғалым Махмұтбайұлы Мемлекет басшысының бастамасымен көп балалы аналарға қолдау көрсетуге арналған жаңа ауқымды әлеуметтік шаралардың жүзеге асырылып жатқанын және көрсетілетін көмек көлемі арта беретінін атап өтті.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ауданда 1011 алтын алқа, 2156 күміс алқа иесі бар. Ал, 90 жас жасаған 100-ден аса, 100 жасаған үш әзиз жан бар. Бұл Сыр өңірінің өзге аудандарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.
Жалпы, жаңақорғандық әйелдер қоғамдық өмірде белсенділігімен белгілі. Міне, сондай белсенді, білікті, білімді әйелдер қауымын аудан басшысы марапат биігіне шығарып, құрмет көрсетті.
  Атап айтқанда, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» Сунақата ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Кенжегүл Амалқызы, Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы Алма Жұмәділлақызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Патима Тұзақбайқызы, №169 мектебінің мұғалімі Айжан Жорабекқызы, «Еркетай» балабақшасының меңгерушісі Гүлмира Тұрарқызы, «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Балжан Әбжаппарқызы марапатталды. Аудан әкімінің «Алғыс хаты» Күләнда Қожатаева, Жаннұр Сейтжан, Замзагүл Өтегенқызы, Нағима Тәжібайқызы, Назерке Ниязқызы, Ақнұр Молдахметжанқызы, Меруерт Оңғарқызы, Етер Азалханқызы, Ләззат Теңізбайқызы, Эльмира Садуақасқызы, Аманкүл Базарқызы, Нағима Сұлтанахметқызы, Гүлмира Серікқызы, Аягөз Икрамқызы, Айгерім Жұлдызбекқызы, Сайбжамал Абылбекқызы және Айгүл Әбдіманапқызына берілді.
  2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылының жариялануына байланысты сахна төрінде өзбек жазушы Сайд Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы қойылды. Шаңыраққа жаңа түскен келін өз алдына жеке тұрғысы келіп, жеті абысынына «бөлек шаңырақ құру» жайында насихат жүргізеді. Комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелерді көрсетеді.
Айта кететіні, аудандық кітапхана мәдениет үйінің фоесінде «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты – қоғамдағы әйел затының ролін көрсету, қадырын түсіндіру. Түрлі саладағы әйелдердің жетістігін насихаттайтын кітап көрмесінен әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиеттің бастауы «ана» деген сөзбен астасып жататынын ұғынасыз.

Лаура БИБАСАРОВА.

12 наурыз 2019 ж. 1 199 0