» » САЛАУАТТЫ ӘЙЕЛ - САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ

САЛАУАТТЫ ӘЙЕЛ - САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ


Әйелдің амандығы – отбасының бақыты, ұрпақтың саулығы, қоғамның берекесі. Сондықтан әйел денсаулығын сақтау мен қауіпті дерттердің алдын алу – әрдайым назарда болуы тиіс маңызды мәселе.

Осы бағытта «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Салауатты әйел - салауатты қоғам» атты ашық есік күні өтті. Игі бастама аясында әйелдер арасында денсаулықты күту мәдениетін қалыптастыруға және сүт безі обырының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Талғат Сақтағанов Мырзаәліұлы сүт безі обырының алдын алу жолдары, ауруды ерте анықтаудың маңызы және медициналық тексеруден уақтылы өтудің қажеттілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ денсаулықтағы кез келген күмәнді белгіні елеусіз қалдырмай, маманға дер кезінде қаралудың маңыздылығына тоқталды.
Дерттің алдын алу – өзіңе деген қамқорлық. Ал уақытылы тексерілу – өмірге деген жауапкершілік!
Әрбір әйел өз денсаулығына көңіл бөліп, жақындары үшін ғана емес, ең алдымен өзі үшін де қамқорлық жасауы қажет. Өйткені әрбір әйелдің өмірі қымбат, әрбір ананың амандығы маңызды!

#Әділет #ӘйелӨміріҮшін
#ӘйелДенсаулығы
#СалауаттыӨмір
08 қазан 2026 ж. 49 0