№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қысқы демалыс 14 күн: 2026–2027 оқу жылына арналған каникул кестесі бекітілді

Қысқы демалыс 14 күн: 2026–2027 оқу жылына арналған каникул кестесі бекітілді


Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін бекітті. Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылы 25 мамырда аяқталады.


I тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

II тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылады - 28 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында.

1-сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

III тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасады, 22-28 наурыз аралығында.

IV тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 25 мамырда аяқталады.
04 тамыз 2026 ж. 237 0