Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЭКСКУРСИЯ ТОБЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА

ЭКСКУРСИЯ ТОБЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА


«Kontakt Agency» агенттігінің директоры Елена Когай бастаған жол карталық экскурсия тобы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата ауылындағы Сығанақ қалашығында болды.
Экскурсия барысында қатысушылар көне Сығанақ шаһарының тарихымен танысып, археологиялық қазба жұмыстарының барысын көзбен көрді. Бұл танымдық сапардың мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, отандық туризмді дамыту және жастардың тарихи санасын қалыптастыру.
Экскурсияны жүргізген – ауданымызға белгілі тарихшы, зерттеуші, өлкетанушы Ержанов Әлімжан Рахметұлы. Ол Сығанақтың Қазақ хандығы кезеңіндегі маңызды рөлі мен қаланың сауда-саттық, мәдени орталық ретінде қалыптасу тарихы жайында кеңінен әңгімелеп берді.
Сапар соңында экскурсия тобы тарихи мұраларға деген қызығушылықтарын білдіріп, осындай іс-шаралардың тәрбиелік әрі танымдық мәні зор екенін атап өтті.
Дарын ӨСЕРБАЙ
06 мамыр 2025 ж. 873 0