№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда қай жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

Қазақстанда қай жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады



Биыл желтоқсанда орташа жылдамдықты бекітуге мүмкіндік беретін, оны есептеу тәртібін және одан асып кеткені үшін айыппұлдарды белгілейтін Заңның түзетулері күшіне енеді. Заңға сәйкес, орташа жылдамдық барлық жерде емес, тек кей бағыттар бойынша ғана тіркеледі. 

Қазақстан Көлік министрлігі Көлік комитетінің мәліметінше, қазір елімізде 13 ақылы жол учаскесінде 62 бекіту пункті жұмыс істейді:
  • Астана – Щучинск;
  • Жібек жолы – Теміртау;
  • Астана – Павлодар;
  • Шымкент – Қызылорда;
  • Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
  • Шымкент – Тараз;
  • Тараз – Қайнар;
  • Қонаев – Талдықорған;
  • Павлодар – Семей – Қалбатау;
  • Орал – Ресей шекарасы (Саратовқа дейін);
  • Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға дейін);
  • Бейнеу – Ақжігіт;
  • Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға дейін).
Алдағы уақытта тағы төрт ақылы учаскедегі орташа жылдамдықты бақылауға тағы 31 аппараттық кешен тартылып, олардың саны 93 бекіту пунктіне жетеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 мың 932 теңгеге дейін өскенін ескере отырып, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар келесідей болады:
  • 10-нан 20 км/сағатқа дейінгі мән үшін 5 АЕК немесе 19 мың 660 теңге;
  • 20-дан 40 км/сағатқа дейін 10 АЕК немесе 39 мың 320 теңге;
  • 40 км/сағат және одан жоғары мән үшін 20 АЕК немесе 78 мың 640 теңге.




14 қазан 2024 ж. 154 0