№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Салық – сана еркімен еңселенуі тиіс

Салық – сана еркімен еңселенуі тиіс


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында еліміздегі экономиканың тұрақтылығын нығайтуды жүйелеп және дәйекті дамуымызға тұсау кедергілерді жоюды нақтылап көрсетіп берді.


Осының ішінде салықты әкімшілік­тендіру ісінің салық төлеушілерге сені­мін арттыратын, жалпы айтқанда елдегі экономикалық белсенді азаматтардың оң жамбасына келетін тәсілдерді ендіру туралы баса айтты.
«Бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауы қажет» деді Президент.
Мемлекет қазынасын арттыруда, бюд­жет тапшылығының орнын толтыруда барлық қоғамдық қатынаста тарихи сыннан өткен салық қызметінің орны бөлек. Міне осы тұрғыдан келгенде аудан­дық бюджеттің орындалуына тоқталып өтсем, 2024 жылдың басынан бері тү­сім 4 млрд 114 млн теңге болған. Ал­ты айлықтың қорытындысымен қосымша салық ұлғайтуға байланысты аудандық бюджетке 635 млн теңге артық түсірілді.
Мемлекет басшысы Жолдауда Ақша-несие саясатымен фискальды саясат арасындағы үйлесімсіздікті жою жөнінде­гі тапсырмаларында қазірде нақты сек­тор­ға несиенің әлі де ойдағыдай берілмей келе жатқанын ашық айтты. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесін оңтайландыру бағытында жаңа салық кодексін ендірудің қажеттігін айт­ты. Мұның ішінде кәсіпкерлердің табысына байланысты салық салу шегінің белгіленуі әділ шешім дей аламыз. «Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс», – деді Президент.
Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетік­тердің тұрақтылығының маңызын айтты.
Жолдауда корпоративтік табыс са­лығын жергілікті жердің өзіне берудің тиімділігі де айтылды. Бірақ әкімдер өз дербестігін пайдаланып қосымша кіріс көзіне ие болған соң оны елге пайдасыз іске шашып жұмсамауы қажеттігін ескертті.
Экономиканың тартымдылығын дамыту үшін тек мемлекет қаржысына сүйену жеткіліксіз. Жеке инвестициялар тарту арқылы скерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді.
Жаңа салық кодексінің қазіргі күйін жаңартуға арналған құжат салықты әкімшіліктендіру ісінің салық төлеушілерге деген сеніміне негізделген. Жаңа Кодекс­тің ережелерін әркім әрқалай қабылда­мауы үшін оны жеңілдетіп экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтардың бәріне түсінікті болуының маңызы нақтыланды.
Осы жерде Салық кодексінде қам­тылатын жобаларға тоқсалсам, ондағы түрлі есептіліктердің санын азайту қолға алынады. Кәсіпкерлер салық есептілігін үш айда, алты айда емес жылына бір рет тапсыратыны, сондай-ақ бюджеттік жіктелу кодтарының санын азайту, тіпті жеке азаматтардың мүлік салығын, табыс салығын тапсырудағы жеңілдіктер, салық салу режимдерін азайту, яғни барынша оңтайландырып бір ортақ мәнге алып келу мәселесі қамтылды.
2024 жылдан бастап кірісі 74 млн теңгеден асатын салық төлеушіге жеңіл болсын деп бөлшек сауда режимі іске қосылды. Айналым сомасы 2 млрд 600 мыңға дейін қосымша құн салығы­на тірркелмей-ақ ешқандай айыппұлсыз салық мөлшерлемелерін пайдалануға мүмкіндік берілгені де едәуір жеңілдік болып тұр. Ауданымызда осы санатта­ғы сауда дүкендері – «Береке», «Ғани», «Айсара ана» сауда дүкендері, «Қарабура» сауда орталығы бөлшек сауда ісін пайдаланып отыр. Бұлар үш сайын әлеуметтік төлемдермен есептесіп, жыл сайын табыс салығын аударып отырады.
Көлеңкелі экономика осы уақытқа дейін 28 процент болатын болса кәсіпкерлерге жаңа жағдай туғызғалы, яғни кірістер органы құрылғалы бері ол он сегіз пайызға төмендеп отыр.
Кешегі Жорлдауда айтылған тап­сыр­маларға сәйкес өзгерістерге кіріс органдары сапалық тұрғыдан дайын­быз деп айта аламыз. Жаңа технологиялардың ендірілуі, яғни ци­фрландыруға байланыс­ты салықты бақылау нәтижесі жетілді­рілді. Элек­трондық технология арқылы барлық хабарламалар ашық және салық төлеушілерге уақытында жеткізіліп отыр.
Саналық тұрғыдан келсек, ауыл кәсіпкерлерінің көбі өз бетінше кәсібін ашып, ары қарай кәсіпкерлік тұрғыда «Атамекен» ұлттық палаталар» арқылы тиісті біліктілігін жетілдіріп отыруы керек деп есептейміз. Салық төлеу сауаттылығы, мәдениеті сонда арта түспек.

Қалдыбек Мұсаев,
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы

10 қыркүйек 2024 ж. 332 0