№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 20 триллион теңгеге жетті

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 20 триллион теңгеге жетті


Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жинақтары көлемі шамамен 3,9 трлн теңгеге өсті.
БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтары 20 трлн теңгеге жеткенін хабарлады. Жыл басынан бері өсім 2,1 трлн теңгені құрады.
"Өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,9 трлн теңгеге немесе 24,3%-ға өсті", - делінген хабарламада.
Жинақтардың барлығына жуығы - 96% - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан. Олардың көлемі 19,3 трлн теңгені құрады. МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 619,9 млрд теңгені құрады.

"Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі 6,5 млрд теңгені құрады", - деп нақтылады БЖЗҚ.
Бірінші жартыжылдықта БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1,21 трлн теңгені құрады.
ЕҢ ЖОҒАРЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАНДАЙ?
Зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты төлемдер шамамен 97,3 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,6 млрд теңгені, Қазақстаннан тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 17,9 млрд теңгені, мүгедектерге төленетін төлемдер – 1,5 млрд теңгені, жерлеу төлемдері – 4,9 млрд. теңгені құрады.
«Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты кесте бойынша БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем мөлшері 33 883 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 945 752 теңгені құрады», - деп хабарлады қор.
25 шілде 2024 ж. 204 0