Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » WhatsApp-та ерекше функция іске қосылады

WhatsApp-та ерекше функция іске қосылады



Енді WhatsApp қосымшасы арқылы нөмірі сақталмаған адамдармен де хат алмасуға болады. Бұл өзгеріс мессенджердің жаңартылған нұсқасында іске қосылады.
Қосымшаның жаңа нұсқасында хат алмасуды бастау үшін «Жаңа чат бастау» опциясын таңдап, қажетті нөмірді ашылған терезеге енгізу қажет. Ол адамға хабарлама жазуға рұқсат етілген болса, контакт іздеу бағдарламасында көрініп тұрады. Ал бұған дейін WhatsApp-та біреуге хабарлама жіберер алдында оның нөмірін сақтау міндетті болатын. 
WABetaInfo-ның мәліметінше, жаңа опция Android пен iOS үшін WhatsApp қосымшасының жаңартылған нұсқасында ашылады. Оны орнату үшін Google Play немесе App Store дүкеніне кіріп, WhatsApp-ты жаңарту қажет.
21 шілде 2023 ж. 197 0