№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Астананың 25 жылдығы құрметіне 100 теңгелік монета шығарылды

Астананың 25 жылдығы құрметіне 100 теңгелік монета шығарылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Ұлттық банкі 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ASTANA. 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.


Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, шақалар 3 шілдеден бастапҰБ-ның интернет-дүкені арқылы сатылады.
«ASTANA. 25 JYL» монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
03 шілде 2023 ж. 490 0